19.01.2018, 17:44 6546

ОҚО-да "Оӊтүстік қолөнершісі" пилоттық жобасы қолға алынды

Биыл Оӊтүстік Қазақстан облысында Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында "Оӊтүстік қолөнершісі" пилоттық жобасы бойынша 300 қолөнерші 3 айлық мерзімді оқумен қамтылатын болады.

Шымкент. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Биыл Оӊтүстік Қазақстан облысында Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында "Оӊтүстік қолөнершісі" пилоттық жобасы бойынша 300 қолөнерші 3 айлық мерзімді оқумен қамтылатын болады. Мамандарды оқытумен айналысатын қолөнер шеберлеріне әр оқушыны оқытқаны үшін ай сайын 30 мыӊ теӊгеден төленбек. Дипломы бар қолөнер шеберлерін сабақ беруге немесе тәжірбиелік тәлімгер шебері (мастер наставник) ретінде жұмысқа тартатын боламыз. Бұл туралы Шымкент қаласындағы Бейсбековтер отбасылық жеке "Алтын Орда" галереясыныӊ жұмысымен танысу барысында Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.

Шара барысында облыс әкімі мен қонақтар "Алтын Орда" галереясыныӊ шеберханаларында ұйымдастырылған алаша, кілем, тері, зергер, керамика, тоқыма бұйымдары қойылған қолөнер шеберлерініӊ көрмесін тамашалады.

"Биыл 7 мыӊ адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолдауды жоспарлап отырмыз. Соныӊ ішіндегі маӊыздысы - "Оӊтүстіктіӊ қолөнершісі" курсы болмақ. Аталған курсқа қатысушыларға ай сайын 16 759 теӊге көлемінде стипендия төленеді. Сондай-ақ, басқа елді мекеннен келушілерге жол жүру ақысы ретінде 9 620 теӊге, тұрғын үйді жалдауға 12 025 теӊге төленетін болады. Курсты үздік бітірген 20 түлекке облыс әкімініӊ арнайы гранты ретінде 240 мыӊ теӊге тағайындап отырмыз", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Қазақстан Қолөнер шеберлері одағыныӊ облыстық филиалыныӊ төрағасы Болатбек Бейсбеков өӊіріміздегі қолөнердіӊ бүгінгі жай-күйін баяндап, өӊір басшысына "Қолөнер шеберлері орталығы" жобасын таныстырды.

"Ұлттық өнерімізді ұлықтайтын мұндай ерекше жоба Оӊтүстік өӊірінде облыс әкімі Ж. Түймебаевтыӊ бастамасымен алғаш рет қолға алынып отыр. Рухани жаӊғыру аясында жүзеге асатын бұл жоба қазақтыӊ ата кәсібін, салт-дәстүрін насихаттауға керемет мүмкіндік туғызады. Туризмді дамытуға да тікелей ықпалы тиеді. Бастаманыӊ нәтижесінде небір талантты шебер жастардыӊ өсіп шығатынына сенімім кәміл", - деді Болатбек Бейсбеков.

Айта кетейік, бүгінде Оӊтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Қолөнершілер Одағыныӊ 23 мүшесі бар. Олар бүгінге дейін "Шеврон" компаниясыныӊ қолдауымен Үндістан, Малайзия, Түркия, Түркменстан, Непал, Қытай, Тайланд елдерінде қазақ қолөнерін жоғары деӊгейде танытып жүр.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны