17.12.2017, 18:45 4156

ОҚО-да өткен "Тұғырлы бол, Тәуелсіздік" шарасында бірқатар азаматтар мемлекеттік сыйлықтармен марапатталды

Шымкент қаласындағы "Түркістан" сарайында Қазақстан Республикасыныӊ Тәуелсіздік күніне арналған "Тұғырлы бол, Тәуелсіздік" атты салтанатты шара өтті.

Шымкент. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - Шымкент қаласындағы "Түркістан" сарайында Қазақстан Республикасыныӊ Тәуелсіздік күніне арналған "Тұғырлы бол, Тәуелсіздік" атты салтанатты шара өтті. Мерекелік кеште сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өӊір тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады.

"Тәуелсіздік күні - ұлы мереке. Біздіӊ ата-бабаларымыз ғасырлар бойы азаттықтыӊ ақ таӊы түбі бір атарынан үміт үзбей Тәуелсіздік алуды армандап өтті. Ұлан-ғайыр даланы аман сақтау үшін жанқиярлықпен күресті. Халқымыздыӊ сан ғасырлық арманы орындалып, еліміз егемендікке қол жеткізді. Міне, біз бүгін еліміздіӊ басты мерекесі - Тәуелсіздік күнін жиырма алтыншы рет тойлап отырмыз. Қазақ елініӊ осынау жылдарда қол жеткізген жетістіктері Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ есімімен және оныӊ сарабдал саясатымен тікелей байланысты. Тәуелсіздік күні - біздіӊ жалпыұлттық мерекеміз. Олай болса, бірлігіміз бекем, ынтымағымыз ырысты болып, еліміз гүлдене берсін!", - деді Жансейт Қансейітұлы.

Салтанатты жиында облыс басшысы мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіӊірген еӊбегі, елдіӊ әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен өӊірге еӊбегі сіӊген оӊтүстікқазақстандық 74 азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады.

Олардыӊ бірқатарын айтып өтсек, ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен облыстық төтенше жағдайлар департаментініӊ бастығы Н.Дербісов марапатталса, "Корпорация "Береке А" ЖШС бас директорыныӊ кеӊесшісі Р.Оспанәлиева мен Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімініӊ орынбасары Ұ.Сәдібеков "Парасат" орденініӊ иегерлері атанды. Ал, "Құрмет" орденімен "ЕвроРемонтСервис" ЖШС директоры Ж.Ағабеков, облыстық әзіл-сықақ және сатира театрыныӊ әртісі У.Ибдірайымов, М.Иуезов атындағы ОҚМУ деканы С.Ибдірайымова, Түркістан қаласыныӊ әкімі И.Өсербаев, ақын Т.Қабылбек сынды азаматтар марапатталды. Сонымен қатар, "Кентау трансформатор зауыты" АҚ цех басшысы С.Зубков, "ЮКМЗ" АҚ токары Т.Исмаиловтар ІІІ дәрежелі "Еӊбек Даӊқы" орденін иеленді.

Тәуелсіздік мерекесіндегі іс-шарада "Ерен еӊбегі үшін" медалімен "Тілеуберді" ЖШС директоры С.Батырбаев, "Шымкент күрделі құрылыс" ЖШС бас директоры І.Бұралқиевлар марапатталса, еӊбек ардагері М.Мамбетов, Арыс аудандық емханасыныӊ фельдшері Н.Иділбековалар "Шапағат" медалін иеленді. Құрмет грамотасымен Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әртісі Г.Абуова, Арыс қалалық №8 В.Комарова атындағы жалпы орта мектебініӊ мұғалімі С.Корчагина сынды тағы басқа азаматтар марапатталды.

Мерекелік шара "Қазына", "Шамсинұр" би ұжымдарыныӊ орындауымен "Тіршіліктіӊ бастауы - Қазығұрт" сазды-хореографиялық композициясымен жалғасты. Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония және облыстық опера және балет театрларыныӊ өнерпаздары жиналғандарды өнерімен тәнті етсе, кеш сазгер А.Асановтыӊ "Мәӊгілік ел үшін" әнімен қорытындыланды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны