31.03.2016, 14:05 7049

ОҚО-да полицейлер 5 жасар баланы ұрлаған әйелді ұстады

29 наурыз күні Түлкібас ауданы Састөбе ауылында 5 жасар бала жоғалып қалған болатын. Ата-анасы АІІБ-ніӊ кезекші бөліміне хабарласып, 2011 жылы туған баланыӊ үйінен шығып кетіп, қайта оралмағанын айтқан. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы баланы көрген азаматтардан сұрастыру жұмыстарын жүргізеді. Артынша жоғалған балақайды балмұздақ және тәттілер алып беремін деп белгісіз әйел өзімен бірге алып кеткені анықталған.

Астана. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында полицейлер жоғалған 5 жасар баланы тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

29 наурыз күні Түлкібас ауданы Састөбе ауылында 5 жасар бала жоғалып қалған болатын. Ата-анасы АІІБ-ніӊ кезекші бөліміне хабарласып, 2011 жылы туған баланыӊ үйінен шығып кетіп, қайта оралмағанын айтқан. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы баланы көрген азаматтардан сұрастыру жұмыстарын жүргізеді. Артынша жоғалған балақайды балмұздақ және тәттілер алып беремін деп белгісіз әйел өзімен бірге алып кеткені анықталған.

"Осы жайтқа қатысты ҚР ҚК-ніӊ 125-бабы "Адам ұрлау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары барлық полиция бекеттеріне баланыӊ жоғалғанын хабарлаған. Түлкібас АІІБ-ніӊ жедел-тергеу тобы санаулы сағаттардан соӊ жоғалған баланы көрші ауылдағы күдіктініӊ үйінен тапты", - деді ОҚО ІІД баспасөз қызметініӊ жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Күдікті 1986 жылы туған Түлкібас ауданыныӊ тұрғыны болып шықты. Полицейлер баланыӊ дені сау, ешбір зақым келмеген күйде ата-анасына табыстады.

"Қазіргі таӊда ішкі істер қызметкерлері оқиғаныӊ орын алу себептері мен жолдарын анықтап жатыр. Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деді Салтанат Қаракөзова.

Баланыӊ ата-анасы Түлкібас АІІБ-ніӊ қызметкерлеріне алғысын айтқан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ордабасы ауданында да сабақтан шыққан жеткіншекті егде жастағы әйел ұрлап, Арыс қаласындағы үйінде жасырып отырған болатын. Кейін күдікті зейнеткер тәртіп сақшыларыныӊ қолына түсті, оған қатысты тергеу шаралары әлі де жалғасуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны