24.04.2018, 14:34 4872

ОҚО-да республикалық Қызғалдақ фестивалі өтті

Жылына бір рет небәрі 10-15 күн ғана гүлдейтін қызғалдақтар тіршілік жаӊарған шақта 20 гектар жерді алып жатқан алқап қызыл кілемге оранғандай әсем түрге енеді.

Шымкент. 24 сәуір. KazakhstanToday - Оӊтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында "Ақсу-Жабағылы алауы, Шұбайқызыл жалауы" республикалық Қызғалдақ фестивалі өтті.

Фестивалге ОҚО әкімі Ж.Түймебаев, мәслихат депутаттары, облыс ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдар және туризм саласындағы кәсіпкерлер мен туристтік компаниялар, шетелдік қонақтар, фестивалге қатысушы қылқалам және фото суретшілер мен ақындар және жастар қатысуда.

Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласындағы "Туған жер" бағдарламасы аясында өткізіліп отырған іс-шара жастарды табиғатты аялап қорғауға шақыру арқылы жаӊа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге белсене атсалысу мақсатында өткізіліп отыр.

Фестивальдіӊ ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімі Ж.Түймебаев алқызыл қызғалдақтыӊ еӊ әдемілері Ақсу-Жабағылында және Шұбайқызыл аталатын теӊдесі жоқ төбеде өсетінін атап өтті.

"Шұбайқызыл шоқысы еліміздіӊ "Қызыл кітабына" енгізілген грейг қызғалдағы еӊ көп өсетін аумақ. Бұл қызғалдақтар Қазығұрт, Төлеби, Бәйдібек өӊірлеріндегі таулы аумақтарда кездеседі. Қызғалдақ гүлі қазақ халқыныӊ түсінігінде - көктемніӊ, жаӊа өмірдіӊ, көрікті тіршіліктіӊ жаршысы болып есептеледі. Осындай әсем табиғатты аялап, туған жерді қадірлеу баршамыздыӊ міндетіміз. Сондықтан да биылдан бастап әр аймақта қоғамдық сананы жан-жақты және түбегейлі жаӊғыртуға бағытталған "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында ауқымды шаралар өткізу және оларды дәстүрге айналдыру көзделіп отыр", - деді әкім.

"Текті төрім - Түлкібасым" театрландырылған - хореографиялық қойылыммен бастау алған іс-шарада "Шұрайлым - Шұбайқызылым" жас қаламгерлер байқауыныӊ жеӊімпаздары марапатталып, көрермендерге арналған концерттік бағдарламамен ұласты.

Сондай-ақ, жастарға оныӊ тарихы жайлы мағлұмат беріліп, жас ақындардыӊ өлеӊдері оқылып, табиғат тақырыбында көрме мен жас суретшілердіӊ сурет байқауы өткізілді. Жалпы іс-шараға 5 мыӊ шамасында адам қамтылды. Сонымен бірге келушілер қылқалам және фото суретшілердіӊ көрмесі мен мемлекеттік табиғи парктер шеруін тамашалады.

Жылына бір рет небәрі 10-15 күн ғана гүлдейтін қызғалдақтар тіршілік жаӊарған шақта 20 гектар жерді алып жатқан алқап қызыл кілемге оранғандай әсем түрге енеді. Тарихта бұл жерді "Красная горка", кейіннен "Қызыл төбешік" деп атаса, қарымды қаламгер М.Байғұт бастамасымен "Шұбайқызыл шоқысы" атауы қайта берілді.Бүгін аталған төбеге "Қызғалдақ" белгісі орнатылды.

Қызғалдақ - лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Қазақстанныӊ далалық аймақтарында жиі кездеседі, 32 түрі бар, оныӊ 11 түрі - Қазақстанныӊ эндемигі болып саналады. Қызғалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті зат алу үшін өсіріледі. Қызғалдақтыӊ өте сирек кездесетін 13 түрі (Альберт қызғалдағы, Борщов қызғалдағы, Грейг қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы, Шренк қызғалдағы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанныӊ "Қызыл кітабына" енгізілген. Қызғалдақ - пиязшықтардыӊ ішіндегі табиғатта кеӊ таралған, көгалдандыруда да жиі пайдаланатын өсімдік.

Айта кетейік, соӊғы жылдары оӊтүстіктіӊ тамаша табиғатына тамсанып кететін шетелдіктердіӊ қатары арта түскен. Мәселен, 2017 жылдыӊ қорытындысы бойынша өӊірімізге 270 мыӊнан аса турист келген. Олар тұмса табиғаттан бөлек, тарихи, архитектуралық және археологиялық ескерткіштерге деген ерекше қызығушылығы барын байқатқан.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны