10.01.2018, 23:00 5443

ОҚО-да "Шатқал" бағдарламасы аясында 1 млн 990 мыӊ түп көшетті тегін тарату жоспарлануда

ОҚО-да "Шатқал" бағдарламасы аясында 1 млн 990 мыӊ түп көшетті тегін тарату жоспарлануда

Шымкент. 10 қаӊтар. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысындағы 170 гектар тұқымбақта өткен жылы 16,3 млн түп көшет өсірілген. Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мәлім етті.

Былтыр өӊірде көшеттердіӊ жаӊа түрлері мен санын көбейту мақсатында "Бадам" мемлекеттік мекемесінде 2 жылыжай құрылған болатын. Басқарма мамандарыныӊ айтуынша, бүгінде облыста жалпы орман қорыныӊ жерлері 3 132,0 мыӊ гектарды құрайды. Оныӊ ішінде орманмен көмкерілген алқабы 1 589,0 мыӊ гектарға жеткен.

Бұдан бөлек, 2017 жылға бекітілген индикативтік жоспарға сәйкес, таулы және тоғайлы аумақта 390 гектар, құмды өӊірде 3 мыӊ гектар жерге көшет егілген. Сондай-ақ, 10 577 гектарға сексеуіл тұқымы себілсе, орманныӊ табиғи түрде ұлғаюына ықпал ету жұмыстары 7 мыӊ гектар аумақта жүргізілген.

"Шатқал" бағдарламасын іске асыру мақсатында былтыр облыстыӊ елді мекендерін көгалдандыруға аудан, қала әкімдіктеріне басқарма тарапынан 480 мыӊ түп көшет тегін босатылыпты. Биыл басқарма аудан, қала әкімдіктерінен сұранысына орай 1 млн. 990 мыӊ түп көшетті тегін үлестіруді жоспарлап отыр. Биыл сондай-ақ, Шымкент қаласы айналасындағы "Жасыл аймақ" көлемін 19 мыӊ гектарға ұлғайту жұмыстары жүзеге асып жатыр.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы аумағынан 125 гектар жерде орналасқан 7 шатқалда 55 мыӊнан аса әртүрлі көшеттер егіліп, абаттандандыру жұмыстары жүргізілген. Бұл жұмыс тағы да жалғаса беретін болады. Ағымдағы жылы аталған шатқалдыӊ екеуі ел игілігіне тапсырылады деп күтілуде, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны