16.06.2016, 16:58 4554

ОҚО-да тәртіп сақшылары мал ұрлығына қатысты күдікті Созақ ауданыныӊ екі тұрғынын құрықтады.

Оӊтүстік Қазақстан облысында Созақ АІІБныӊ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын жүргізу барысында мал ұрлығымен айналысатын екі күдіктіні құрықтады. Олар 1995, 1996 ж.т. Созақ ауданыныӊ тұрғындары, кінәларын толық мойындады

Астана. 16 маусым. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында Созақ АІІБныӊ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын жүргізу барысында мал ұрлығымен айналысатын екі күдіктіні құрықтады. Олар 1995, 1996 ж.т. Созақ ауданыныӊ тұрғындары, кінәларын толық мойындады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Полицейлердіӊ анықтауынша, жас азаматтар бір жүйе бойынша әрекет жасаған: жергілікті тұрғындардыӊ жайылымына түн уақытында барып, иелереніӊ жоқтығын пайдаланып, жылқы, сиыр секілді өзге де малдарын ұрлап отырған.

Сонымен, өткен жылдыӊ желтоқсан айында Созақ ауданы орталығында тұратын жергілікті тұрғынныӊ жолда жайылып жүрген жалпы құны 300 мыӊ теӊге болатын екі сиырын ұрлаған, арада екі ай өткен соӊ мал ұрлықшылар жергілікті тұрғынныӊ құны 150 мыӊ теӊге тұратын сиырын ұрлаған.

Барлық ұрланған малдарды базарға сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсап отырған.

Тергеу барысында күдіктілердіӊ жалпы құны 3 миллион теӊге болатын 14 мал ұрлығы жайтына қатыстылығы анықталды.

Бүгінгі таӊда аталған жайт бойынша ҚК ҚК 188-бабымен "Ұрлық" қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны