28.04.2018, 00:39 4589

ОҚО-да ТЖД мамандары су алаӊдарында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды

Оӊтүстік Қазақстан облысында жазғы шомылу маусымы жақындап келеді. Өзекті мәселелердіӊ бірі - су айдындарында қайғылы жағдайлардыӊ жиі орын алуы. Мұндай оқиғаларғы азаматтардыӊ қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтамай, белгіленбеген орындарда шомылуы себеп болып отыр.

Шымкент. 28 сәуір. KazakhstanToday - Оӊтүстік Қазақстан облысында жазғы шомылу маусымы жақындап келеді. Өзекті мәселелердіӊ бірі - су айдындарында қайғылы жағдайлардыӊ жиі орын алуы. Мұндай оқиғаларғы азаматтардыӊ қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтамай, белгіленбеген орындарда шомылуы себеп болып отыр. Бүгін бұл туралы ОҚО өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығыныӊ орынбасары Ерғали Бахаев мәлім етті.

Оныӊ айтуынша, өткен жылы су айдындарында орын алған оқиға бойынша облыс көлемінде 38 хабарлама түсіп, 34 адамныӊ қайтыс болуы тіркелген.

"Биыл осы уақытқа дейін өӊірде 7 оқиға тіркеліп, оныӊ 7-і де қайтыс болды. Жас жеткіншектер мен сәбилердіӊ тілсіз жұттыӊ қойнауына батып қайтыс болуына ата-аналар мен ересектердіӊ назардан тыс қалдыруы себеп болған. Өкініштісі, өткен жылдыӊ тиісті кезеӊімен салыстырғанда су алаӊдарында қайтыс болғандар саны 57 пайызға артқан. Сондықтан ересек азаматтар мен ата-аналарға мейлінше мұқият болуға, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамын", - деді Ерғали Жарасбекұлы.

Алдағы уақытта қайғылы оқиғаларды алдын алу үшін облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мамандары белгісіз қауіпті су айдындарында және шомылуға тыйым салынған белгілер қойылған жерлерде шомылмауға шақырады.

"Тұрғын үйлерге жақын орналасқан каналдар, арықтар бар аймақтарда балаларды үлкендердіӊ қарауынсыз қалдырмау қажет. Сондай-ақ, азаматтар балық аулау кезінде жеке құтқару кеудешесі сынды жабдықтарды пайдалану керек. Жалпы құтқарушы мамандардыӊ жүргізген нұсқаулықтарын қатаӊ сақтауға тиіс", - деді Ерғали Бахаев.

Оныӊ мәлімдеуінше, қайғылы жағдайларды алдын алуда әрбір азамат жауапты. Ир адам өз өміріне аса жауапкершілікпен қарап, балаларына өз тараптарынан ескертіп отыруы ләзім.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны