27.04.2018, 23:45 3074

ОҚО-да жаӊа "Тұлпар" тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

Үндеудіӊ бірінші бағыты "7-20-25" бағдарламасын өӊірде сәтті жүзеге асыру үшін осы жылы жеке салушылар арқылы 104 көпқабатты тұрғын үйдіӊ құрылысы жүргізілуде.

Шымкент. 27 сәуір. KazakhstanToday - Шымкент қаласы Тұлпар мөлтек ауданында жаӊа "Тұлпар" тұрғын үй кешені пайдалануға беріліп, ондағы 3 қабатты көппәтерлі екі тұрғын үйдіӊ кілті тапсырылды. Көп қабатты тұрғын үйдегі пәтердіӊ кілті "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша оӊтүстікқазақстандық 72 отбасыға берілді. Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев жаӊа қоныс иелерініӊ қуанышымен бөлісіп, әрбір шаӊыраққа береке бірлік тіледі.

"Елбасыныӊ жариялаған "Президенттіӊ бес әлеуметтік бастамасы" атты Үндеуініӊ барлық бағыттары бойынша облыста тиісті жұмыстар атқарылуда.Осы Үндеудіӊ бірінші бағыты "7-20-25" бағдарламасын өӊірде сәтті жүзеге асыру үшін осы жылы жеке салушылар арқылы 104 көпқабатты тұрғын үйдіӊ құрылысы жүргізілуде. Оныӊ ішінде 16 тұрғын үй жыл қорытындысымен пайдалануға беріліп, барлық пәтерлерді "7-20-25" бағдарламасы арқылы тарату көзделуде",-деді облыс әкімі.

Бүгінде жарияланған бес әлеуметтік бастаманыӊ нәтижесінде жеке инвесторлар облыста тұрғын үй құрылысын салуға қызығушылық танытуда. Ағымдағы жылдыӊ сәуір айында құны 7,9 млрд.теӊгені құрайтын 14 көпқабатты тұрғын үй (768 пәтер, 53,2 мыӊ ш.м.) құрылысына екінші деӊгейлі банктен несие алған жеке құрылыс салушыға Өӊірлік үйлестіру кеӊесініӊ шешімімен 7 пайыздық субсидия беру қолдау тапты. Аталған тұрғын үй құрылысы ағымдағы жылы пайдалануға беріледі.

Бүгінгі пайдалануға беріліп жатқан тұрғын үйлер "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеӊберінде "Самұрық Қазына" АҚ-ы және "Ақмойнақ" ЖШС-і қаражаттары есебінен бірлесіп салынды. Жалпы аталған тұрғын үй кешенінде 3 қабатты 36 п?терлі екі үй, 5 қабатты 48 п?терлі екі тұрғын үй бой көтерген. Алдағы уақытта Шымкент қаласында тұрғын үй құрылысын қарқынды жүргізу мақсатында көптеген жобалар іске асырылатын болады.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны