19.08.2016, 14:27 4104

ОҚО-да жер қойнауын өз бетінше пайдаланудыӊ 85 дерегі анықталған

Есепті кездесуде ұсынылған мәлімет бойынша, 2016 жылдыӊ 7 айында облыс көлемінде жер қойнауын өз бетінше пайдаланудыӊ 85 дерегі анықталған. Оныӊ ішінде, 38 дерек жергілікті полиция қызметініӊ жеке іздеуімен анықталып отыр.

Шымкент.19 тамыз. Kazakhstan Today - Кеше облыс әкімініӊ орынбасары Жақып Бөкенбаевтыӊ қатысуымен жер қойнауын заӊсыз пайдалануды тоқтату бойынша облыс әкімініӊ тапсырмасыныӊ орындалуы аясында жергілікті полиция қызметініӊ есеп беру мәжілісі өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Жиында облыстық жергілікті полиция қызметі бастығыныӊ орынбасары М.Зұлпұхаров және облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасыныӊ басшысы М.Отаршиев баяндама жасады.

Есепті кездесуде ұсынылған мәлімет бойынша, 2016 жылдыӊ 7 айында облыс көлемінде жер қойнауын өз бетінше пайдаланудыӊ 85 дерегі анықталған. Оныӊ ішінде, 38 дерек жергілікті полиция қызметініӊ жеке іздеуімен анықталып отыр.

Сонымен қатар, есепті жиында басқарма басшысы М.Отаршиев тарапынан Шымкент қаласы аумағындағы құм, тас, топырақ сату орындарыныӊ заӊдылығын қарап, тиісті шара көру қажеттігі жөнінде мәселе көтерді.

Мәжіліс қорытындысы бойынша өӊір басшысыныӊ орынбасары баяндамашылар тарапынан айтылған ұсыныстар назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілуін тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны