14.06.2016, 18:24 4811

ОҚО-да "Жол қозғалысы қауіпсіздігініӊ онкүндігініӊ" қорытындысы белгілі болды

Осы жылдыӊ 1-10 маусым аралығында ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметімен "Қызыл ай" өкілдері, автомото федерациясы мүшелері, жол қозғалысыныӊ жас инспекторларымен бірлесіп, автокөлік қауіпсіздігі тәсілдерін қолдану және ережелерін сақтауға бағытталған "Жол қозғалысы қауіпсіздігініӊ онкүндігі" акциясы өткізілген болатын

Астана. 14 маусым. Kazakhstan Today - Осы жылдыӊ 1-10 маусым аралығында ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметімен "Қызыл ай" өкілдері, автомото федерациясы мүшелері, жол қозғалысыныӊ жас инспекторларымен бірлесіп, автокөлік қауіпсіздігі тәсілдерін қолдану және ережелерін сақтауға бағытталған "Жол қозғалысы қауіпсіздігініӊ онкүндігі" акциясы өткізілген болатын, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Онкүндік барысында Жергілікті полиция қызметімен үш облыстық перинаталды орталықта және №2 перзетханада болашақ аналар арасында сұхбаттасу өткізілді. Сонымен қатар, №16 "Сымбат" бала-бақшасында 4-6 жас шамасындағы 44 бүлдіршін арасында "Назар аударыӊыз-жол!" шарасы ұйымдастырылып, онда балалар жол жүру қауіпсіздігі бойынша қойылымдар көрсетті. Онкүндік аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға профилактикалық шаралар ұйымдастырып, облыстыӊ аудан, қалаларында автожүгіру өткізді.

Жалпы шара аясында ҚР жол жүру ережесін бұзған 9590 жағдай анықталды. Оныӊ ішінде, қала бойынша қорғаныс белдеуін қолдану ережесін бұзу фактісі бойынша 2176 жәйт тіркелсе, 13 факті мотокөлік басқару және жолаушыларды шлемсіз тасымалдау жағдайымен тіркелген.

Жалпы аудандар арасында еӊ көп анықталған құқықбұзушылықтар саны бойынша Түркістан, Мақтарал және Сайрам аудандары көш бастады.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны