06.03.2018, 14:55 4083

ОҚО-дағы Қазығұрт ауданында 100 орындық балабақша ашылды

Оӊтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылында "Меруерт Ана" балабақшасы пайдалануға берілді

Шымкент. 6 наурыз. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылында "Меруерт Ана" балабақшасы пайдалануға берілді. Енді елдіӊ қуанышына айналған ғимаратта 100 бала тәрбиленетін болады. Облыс әкімініӊ баспасөз қызметі ұйымдастырған кезекті ақпараттық тур аясында ауданныӊ жұмысымен танысуға барған БАҚ өкілдері балабақшаныӊ ашылу рәсіміне қатысып, қуанышқа ортақтасты.

Кәсіпкердіӊ өз қаражатымен салынған балабақшаға 50 млн. теӊге қаржы жұмсалған. Заманауи технологиямен қамтылған бөбекжайда бүлдіршіндер үшін барлық жағдай жасалған. Нысанныӊ жалпы жер аумағы 0,45 гектарды құрайды. Кәсіпкер А.Исакулова балабақшаны "Балапан" бағдарламасы аясында салғанын айтады.

"Бүгінде балабақша 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Мұндағы қызметкерлердіӊ орташа айлық жалақысы 60 мыӊ теӊгені құрайды. Жалпы мекеме бөбекжайға арналған барлық құрал-жабдықтармен қамтылған. Сондай-ақ, балаларды тасымалдауға арналған 1 дана Газель автокөлігіміз бар. Енді осы мүмкіндікті пайдалана отырып, балғындарымызға сапалы білім, саналы тәрбие берумен айналысамыз", - деді Адас Исакулова.

Жалпы Қазығұрт ауданында 13 мемлекеттік, 55 жекеменшік балабақша жұмыс істеп келеді. Өткен жылы 2017 жылдыӊ өзінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында "Балапан" бағдарламасымен 33 балабақша пайдалануға берілді. Нәтижесінде балаларды балабақшамен қамту деӊгейі 87,5 пайызға жеткен. Биыл бұл көрсеткішті 90 пайыздан асыру көзделген.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны