29.06.2016, 18:02 3842

ОҚО-дан Астана күніне орай ауыл шаруашылық керуені жөнелтілді

Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысынан Астана қаласы күніне орай, ауыл шаруашылығы керуені аттанды. Онда жалпы құны 157,7 млн.теӊге болатын 374 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері бар

Астана. 29 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысынан Астана қаласы күніне орай, ауыл шаруашылығы керуені аттанды. Онда жалпы құны 157,7 млн.теӊге болатын 374 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Астана қаласында шілде айыныӊ 2-3 күндері өтетін жәрмеӊкеде 50-ден астам оӊтүстікқазақстандық тауарөндірушілердіӊ ауыл шаруашылығы өнімдері сатылады.

Астаналықтарға мереке қарсаӊында нарықтағы бағадан 10-15 пайызға арзан 69 тонна ет пен ет өнімдері, 141 тонна көкөніс, 33 тонна жеміс - жидек, 17 тонна картоп пен 7 тонна сүт өнімдері, 5 тонна шұбат 25 мыӊ дана жұмыртқа, 50 тонна бақша өнімдері мен тағы басқа 27 тонна өнімдер ұсынылады.

Бұл өӊірдегі аудан мен қалалардыӊ Бас қалаға жасаған өзіндік тартуы. Соған орай, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен ауыл шаруашылық басқармасыныӊ мамандары жиналып керуенді салтанатпен шығарып салды.

Жалпы облыста егіс көлемі 5 мыӊ гектарға артып 780 мыӊ га құрады. Ал суармалы жер көлемін қосымша 8,7 мыӊ га ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны