05.05.2014, 20:18 4109

ОҚО-ның Төле би ауданында халықаралық автобекет ашылды

Сондай-ақ орталық аумағында сыйымдылығы 400 автокөлікке арналған автотұрақ салынған. Ал мұндағы халықаралық автобекеттен Бішкек, Үрімжі, Астана, Алматы қалаларына бағытталған автобус қатынасы ұйымдастырылады.

Алматы. 5 мамыр. Kazakhstan today. Төле би ауданының орталығы Леңгір қаласында "Тау жұлдызы" сауда орталығы мен халықаралық автобекеттің ашылу салтанаты өтті.

Жалпы аумағы 4,2 га құрайтын бұл кешенде тауар қоймалары, ойын-сауық орындары бар, деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Сондай-ақ, киім-кешек, азық-түлік сауда қатарлары, дәріханалар, ветеринариялық дәріхана, алғашқы медициналық көмек көрсету бөлмесі, зертханалар, наубайханалар жұмыс жүргізетін болады.

Сондай-ақ орталық аумағында сыйымдылығы 400 автокөлікке арналған автотұрақ салынған. Ал мұндағы халықаралық автобекеттен Бішкек, Үрімжі, Астана, Алматы қалаларына бағытталған автобус қатынасы ұйымдастырылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны