17.04.2012, 12:09 3934

Оқушы карточкасы жолақы төлеп, дисконттар алуға мүмкіндік береді

"Болашақта аталған карточканың қызмет көрсету аясы кеңейе түседі, атап айтқанда - оқушының қолына тікелей тиген ақшаға қатысты жайсыз жағдайлардың алдын алу үшін мектеп асханаларында төлемдерді карточка арқылы жүзеге асыру, сонымен қатар қоғамдық көліктерде жол жүру құнын төлеу үшін бұл карточка оқушылардың жолақы билеті міндетін де атқаратын болады", - деді Нүсіпов.

Астана. 17-сәуір. Kazakhstan Today - Оқушы карточкасы жолақы төлеп, дисконттар алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Болашақ мектебі" жобасы шеңберінде оқушы карточка-куәлігінің қызмет саны ұлғая түсетін болады. Бұл туралы "Astana Innovations" АҚ төрағасы Саят Нүсіпов мәлім етті.

"Болашақта аталған карточканың қызмет көрсету аясы кеңейе түседі, атап айтқанда - оқушының қолына тікелей тиген ақшаға қатысты жайсыз жағдайлардың алдын алу үшін мектеп асханаларында төлемдерді карточка арқылы жүзеге асыру, сонымен қатар қоғамдық көліктерде жол жүру құнын төлеу үшін бұл карточка оқушылардың жолақы билеті міндетін де атқаратын болады", - деді Нүсіпов.

Оның айтуынша, ол үшін тиісті жерлер сәйкес технологиялық құралдармен қамтылуы керек.

Сонымен қатар ол атап өткендей, болашақта мәдени-көңіл көтеру орталықтарында, балаларға арналған мектеп дүкендерінде оқушыларға арналған жеңілдіктерді қолдану үшін аталмыш құралды әлеуметтік-дисконттық карта ретінде де пайдалануға жағдай жасалатын болады.

"Куәлік-карточкада қызметтер құнын өтеу шифрі сақталады, карточка есебін оқушының ата-анасы толықтырып, ол түрлі төлем жүйелерінде қолдануға жарамды болады. Сондай-ақ онда карточканың иесі жайында толық ақпарат: аты-жөні, мектеп нөмірі мен ата-анасының телефон нөмірлері жайында мәліметтер сақталады деп жоспарлануда", - деп атап өтті "Astana Innovations" АҚ төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны