10.07.2018, 17:53 4090

Оқушылар арасында көлік саласы бойынша байқау жарияланды

Байқау оқушылардыӊ көлік саласына деген қызығушылығын арттыруға және оқушылардыӊ мамандық таӊдауда саналы шешім қабылдауына бағытталған.

Астана. 10 шілде. Kazakhstan Today - Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасыныӊ Бірінші Президенті - Елбасы Қоры Қазақстан Республикасыныӊ Иділет министрлігі және ҚР ИМ "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК-мен бірлесе оқушылар арасында көлік саласы бойынша байқау жарияланғанын мәлімдеді.

Байқау оқушылардыӊ көлік саласына деген қызығушылығын арттыруға және оқушылардыӊ мамандық таӊдауда саналы шешім қабылдауына бағытталған.

Байқау алғашқы рет жасөспірімдердіӊ арасында функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту қажеттілігі аталып өткен Қазақстан Республикасыныӊ Президентініӊ "Қазақстанныӊ Үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру аясында 2017 жылы өткізілді.

Байқаудыӊ қосалқы ұйымдастырушылары - Ұлыбританияныӊ ғылым, техника, технология және басқару салаларындағы көшбасшы ЖОО бірі болып табылатын франк-британдық Крэнфилд ғылыми-зерттеу университеті (Ұлыбритания), сондай-ақ Назарбаев университеті болып табылады. Конкурстыӊ әріптестері - Эйр Астана Ұлттық тасымалдаушысы және "Samruk-Kazyna Trust" КҚ.

Байқаудыӊ қатысушылары - ағылшын тілін жетік білетін, физика-математика және жаратылыстану ғылымдарыныӊ саласында олимпиада жеӊімпаздары, сондай-ақ өздік жобалық жұмыс жасау тәжірибесі бар, Қазақстан Республикасыныӊ жалпы білім беретін мектептердіӊ 16-дан 18-ге дейін жас аралығындағы оқушылары. Командаларды облыстар мен республикалық маӊызы бар қалалардыӊ әкімдіктері жасақтайды.

Іріктеу туры 2018 ж. шілденіӊ 24-26 аралығында Астана қаласында өтеді, қорытындылары бойынша ақтық сынға шыққан командалар 2018 ж. 19-26 тамыз аралығында Крэнфилд университетіне (Ұлыбритания) оқу-танысу сапарына аттандырылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны