10.02.2015, 11:15 4060

Оқушылар армия өмірініӊ бір күнімен танысты

"Шығыс" өӊірлік қолбасшылығында Семей қаласындағы "Жас ұлан" арнайы ер балалар лицейініӊ базасында Халық қаһарманы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтыӊ кубогына әскери-спорттық жарыс өтті

Семей. 10 ақпан. Kazakhstan Today - "Шығыс" өӊірлік қолбасшылығында Семей қаласындағы "Жас ұлан" арнайы ер балалар лицейініӊ базасында Халық қаһарманы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтыӊ кубогына әскери-спорттық жарыс өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жарысқа Семей өӊірініӊ 44 мектебі қатысты. Оқушылар "Шығыс" өӊірлік қолбасшылығы жауынгерлік даярлық басқармасы дене даярлығы және спорт бөлімініӊ бастығы подполковник Расул Меирмановтыӊ жетекшілігімен нормативтер орындап, Калашников автоматын бөлшектеп, құрастырды, автомат магазиніне оқ толтырып, пневматикалық мылтықтан атты. Жаттығулар үшін АК-74 автоматтарын 35411 әскери бөлімі ұсынды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Меніӊ бала кезімдегі арманым орындалды. Мен әрқашан нағыз әскерде болуды армандағанмын. Ал бұл жерде біз қарудан аттық, нормативтер тапсырдық. Болашақта мен өз өмірімді әскери қызметші болып, Отанымызды қорғау ісімен байланыстыруға тырысамын", - деді 8 сынып оқушысы Жансая Омарова.

Іс-шараға Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысыныӊ ардагерлері қатысты. Искери-спорттық жарыстыӊ құрметті қонақтары қатарында "Шығыс" өӊірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысыныӊ тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Азамат Мұқатов, ҰОС ардагері Петр Коломин, "Ауғанстан және Семей қ. жергілікті соғыстар ардагерлері мен мүгедектері" қоғамдық бірлестігініӊ төрағасы Боранбай Бегатовтар болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны