11.09.2012, 11:20 28787

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұлттық жоспар жарияланды

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-шаралар жоспары оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үдерісін мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін қамтиды.

Астана. 11-қыркүйек. Kazakhstan Today - Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұлттық жоспар жарияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-шаралар жоспары оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үдерісін мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін қамтиды.

Елбасы Н.Назарбаевтың "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Жолдауымен жүктелген міндетке сәйкес, елімізде Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі бесжылдық ұлттық жоспар қабылданды.

Елбасының "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға бірдей Еңбек Қоғамына жиырма қадам" бағдарламалық мақаласының талаптары аясында Ұлттық жоспарды жүзеге асырудың маңызы зор.

Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстан Республикасында білімнің сапасын жетілдіру үшін негізгі бағдар ретінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі іс-қимылдардың тұтастығын және жүйелігін қамтамасыз ету.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны