23.12.2008, 15:29 2985

Оқушыларға берілетін үй тапсырмасы көбейген сайын нәтиже төмендейді - сарапшы

Оқушыларға берілетін үй тапсырмасы көбейген сайын нәтиже төмендейді - сарапшы

Астана. 23 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін"- Оқушыларға берілетін үй тапсырмасы көбейген сайын нәтиже төмендейді. Мұндай пікірді бүгін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім сапасын бағалаудың ұлттық орталығының директоры Базар Дамитов баспасөз мәслихатында ортаға салды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Оқушыларға берілетін үй тапсырмасы көбейген сайын нәтиже төмендейді. Бұл ретте белгілі бір оптимум бар. Ресейде мәселен, мұғалімдердің 98% көп мөлшерде үй тапсырмасын береді. Қазақстанда бұл көрсеткіш шамалы төмен. Ал басқа елдерде, айталық, Кореяда мұғалімдердің небәрі 3% үй тапсырмасын береді, бірақ оларда көрсеткіш жоғары", - деді Б. Дамитов.

Сонымен бірге, оның айтуынша, "Математика мен жаратылыстану пәндерін зерттеудегі халықаралық тенденция" жобасы шеңберінде (The Trends in International Mathematics and Science Study - TIMSS) 37 ел мен 8 провинцияның мұғалімдері, директорлары мен оқушылары арасында сауалнама жүргізу нәтижесінде белгілі болғанындай, балалардың білім алу нәтижесі олардың үйіндегі кітаптар санына тікелей тәуелді болып шыққан. "Кітап неғұрлым көп болса, нәтиже де соғұрлым жоғары",-деді ол.

Сонымен бірге, үйінде Интернетке қосылған компьютері бар балалардың арасында да жоғары білім деңгейі байқалған.

"Гонконг, Сингапур, Тайвань, Жапония сияқты елдерде балалардың 90% үйінде компьютер бар. Қазақстанда бұл сан 28% тең, оның басым бөлігі - қалалық оқушылар", - деді Б.Дамитов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны