02.04.2008, 15:56 5532

Олимпиада алауы эстафетасының екінші кезеңі басталды

Олимпиада алауы эстафетасының екінші кезеңі басталды

Алматы. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Олимпиада алауы эстафетасының екінші кезеңі басталды. Бұл кезеңде бірінші болып эстафетаны Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Р. Рымбаевадан кейін эстафетаны Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сиюнь жалғастырады.

"Бүкіл бағыт бойында Алматы көшелерінде алау тасығыштарды қарсы алып қалалықтар тұр", - деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұрын хабарлағанымыздай, Олимпиада алауы эстафетасының екінші кезеңі Республика сарайынан бастау алып, Достық, Ил-Фараби, Фурманов, Сәтпаев көшесімен Республика алаңын кесіп өтіп, Желтоқсан, Абай, Достық, Қабанбай батыр, Абылай хан даңғылдарымен Астана алаңына дейін алып өтеді. Екінші кезең Астана алаңында мерекелік концертпен аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны