07.02.2007, 16:19 3171

Өлкетанушы - жазушы "ескі Алматыны" жоспарлы бұзуға қатысты өкініш білдіреді

Өлкетанушы - жазушы "ескі Алматыны" жоспарлы бұзуға қатысты өкініш білдіреді

АЛМАТЫ. 7-ақпан. Kazakhstan Today. Өлкетанушы- жазушы Владимир Проскурин "ескі Алматыны" жоспарлы бұзуға қатысты өкініш білдіріп отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бұл коммерцияға жаппай ден қойған қоғамның жекелеген өкілдерінің өлшеусіз тәбетімен бір арнада тоғысқан ескі қала салу саясатының кесірі. Оған қоса, тарихи мұраны қорғау туралы заңды жүзеге асыру тетіктерінің болмауы да бар",- деген түсініктеме береді өлкетанушы қала басшыларының өткен ғасырдың басында салынған қала орталығын жоймақ болған ниеттеріне.

В. Проскурин өзінің он жыл бұрын жазған және қазір де өзектілігін жоймаған очеркінде былай деп ой толғайды: "Алматыда оншақты тарихи кварталдарды бұзып жатыр, ал қаланың басшылығы болса, тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтап қалу жайымен бас қатыруда".

"Элиталық үйлерден аяқ алып жүргісіз күйге көшкен біздің қазіргі заманымызда бетоннан қораптар тұрғызу - оңай шаруа,- дейді автор. - Бірақ қаланың бірнеше буын ұрпақтарының ғұмырлық ескерткіштері мен қала оқиғаларының, саяси және эстетикалық өзгерістердің, талғам мен құмарлықтың ен-белгілері мен ескерткіштерін сақтап қалу қиынға соқпақ",- деген пікірде ол.

Өлкетанушы жазушы кезінде мамандар үйлері деп аталатын үйлерде "Қазақстанның жаңа астанасының іргетасын қалаушылар, ғылым және техника, әдебиет және өнер саласын тыңнан игерушілер, көлік пен өндірістегі алғашқы бесжылдықтардың еңбек ерлері" тұрғанын еске алады. Олардың көбі қуғын-сүргін жылдары "нәубет құрбанына айналды". Жазушы осы жерде қазақ кәсіби өнерінің негізін қалаушылардың бірі Евгений Брусиловскийдің : "адамдар есіктің артындағы тықырды тыңдап, әрбір түнді үреймен өткізді", деген жолдарын келтіреді.

Бұл үйлерде өткен ғасырда Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Иуезов, Ғабит Мүсірепов сынды қазақтың танымал қайраткерлері тұрды. "Бұл жерде кобзарь Тарас Шевченко мен ақын Жамбыл Жабаевтың рухы тірі. Бұл жерде осы ұлы адамдардың туыстары тұрған. Осы жерден генерал Иван Панфилов пен жазушы Павел Кузнецов соғысқа аттанды. Осы жерде оюлы абажурдың жанында отырып Анна Никольская қазақ әдебиетінің классиктерін аударды. Тағы бір үйдің верандасында хирург Александр Сызғанов ауыр операциялардан кейін тыныққан. Осы жерге опера театрындағы тамаша концерттерінен кейін біртуар Күләш Байсейітова кешқұрым үйіне қайтатын",- деп жазады В.Проскурин.

"Егер Алматының қарапайым шамдары сөнсе, онда айналаны түн тұмшалап, өзіміздің енжарлығымыз, надандығымыз бен ессіздігіміздің қараңғылығы қаумалайды",- дейді очерк авторы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны