13.07.2015, 18:34 3514

Омбыда казарма опырылып түсіп, 23 әскери қызметкер қаза тапты

Омбыда казарманыӊ опырылып түсуі салдарынан 23 әскери қызметші ажал құшты, 19 адам зардап шекті. Олардыӊ жағдайы ауыр деп бағаланып, ұшақпен Мәскеуге жөнелтілді

Астана. 13 Шілде. Kazakhstan Today - Омбыда казарманыӊ опырылып түсуі салдарынан 23 әскери қызметші ажал құшты, 19 адам зардап шекті. Олардыӊ жағдайы ауыр деп бағаланып, ұшақпен Мәскеуге жөнелтілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы Ресейлік БАҚ хабарлады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

РФ қорғаныс министрлігініӊ ресми өкілі Игорь Конашенков хабарлағандай, апаттыӊ салдары әзірге белгісіз, алайда себебін арнайы комиссия анықтайтын болады.

Бұдан бұрын ғимаратты салу кезінде құрылыс технологиясы бұзылған деген болжам айтылған. Алайда ғимаратты салушылар нысанды тапсыру кезінде әскерилер кемшілік таппағанын мәлімдеген. Сондай-ақ, таяуда жүргізілген жөндеу жұмыстары кезінде құрылыс конструкциясына өзгеріс енгізілген болуы мүмкін деген де болжам бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны