09.05.2019, 14:31 15168

Омбудсмен Асқар Шәкіров Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Свен-Олов Карлссонмен кездесу өткізді

Қазақстанға халықаралық келісімдер шеңберінде берілген ұсынымдарды іске асыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда тараптар еліміздің алдағы Әмбебап кезеңдік шолу форматында өтетін баяндамасын талқылады.

Нұр-Сұлтан. 9 мамыр. Kazakhstan Today - Омбудсмен Асқар Шәкіров ЕО-ның ҚР-дағы Елшісі Свен-Олов Карлссонмен кездесу өткізді, оның барысында адам құқықтарын қорғау мен ілгерілетудің өзекті мәселелері, сондай-ақ осы саладағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

Омбудсмен сұхбаттасушыны ұлттық құқық қорғау мекемесі жұмысының негізгі бағыттары мен нысандары, оның мемлекеттік органдармен, азаматтық сектормен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылы туралы хабардар етті. Сондай-ақ ұлттық заңнаманы жетілдіру және оған халықаралық құқық қорғау стандарттарын енгізу туралы толық ақпарат ұсынылды.

Қазақстанға халықаралық келісімдер шеңберінде берілген ұсынымдарды іске асыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда тараптар еліміздің алдағы Әмбебап кезеңдік шолу форматында өтетін баяндамасын талқылады.

ЕО өкілі Қазақстанның бастамасы бойынша Орталық Азия елдері омбудсмендерінің (CASI NHRI) ынтымақтастығы үшін алаң құруды қолдады. Белгілі болғандай, жақын арада осы платформа қызметінің жол картасы бекітілетін болады, ол аймақ елдері үшін ортақ мүддені білдіретін құқық қорғау ынтымақтастығының басым мәселелерін қамтиды.

С. Карлссон "Құқық үстемдігі платформасы - Орталық Азия" ЕО жобасы аясында өзара іс-қимылды одан әрі жалғастыруға дайын екенін білдірді. Ол "Қазақстанның сот төрелігі жүйесінің сапасы мен тиімділігін жақсартудағы қолдау" ЕО және Еуропа Кеңесінің жобасындағы бірлескен жұмыстың оң тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанмен ынтымақтастықтың жемісті сипатын атап өтті.

ЕО өкілі қазақстандық құқық қорғау мекемесінің қызметіне оң баға беріп, азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуде қолданылып жатқан шаралардың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны