11.04.2018, 16:11 3474

Омбудсмен азаматтардыӊ тұрғын үй құқықтарын қамтамасыз етудіӊ өзекті мәселелері бойынша үкіметке жүгінді

Үндеуде Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И. Назарбаевтыӊ бағдарламалық құжаттарында көзделген мемлекеттік тұрғын үй қорынан халықтыӊ әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қолдаудыӊ маӊызды шаралары аталып өтілген

Астана. 11 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен) Асқар Шәкіров Қазақстан Республикасы Үкіметіне азаматтардыӊ тұрғын үй құқықтарын қамтамасыз ету туралы үндеу жіберді.

Үндеуде Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И. Назарбаевтыӊ бағдарламалық құжаттарында көзделген мемлекеттік тұрғын үй қорынан халықтыӊ әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қолдаудыӊ маӊызды шаралары аталып өтілген.

Сонымен қатар, Омбудсмен мекемесіне азаматтардыӊ келіп түсетін шағымдары бұл олардыӊ жоғарыда аталған құқықтарын жүзеге асырылуына кедергі келтіретін факторлардыӊ бар екендігін дәлелдейді.

Үндеуде қозғалған мәселелердіӊ бірі - 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасыныӊ "Мемлекеттiк наградалары туралы" Заӊыныӊ 36-бабына сәйкес, "Алтын алқа" алқасымен марапатталған көп балалары аналардыӊ мемлекеттік тұрғын үй қорынан бірінші кезекте тұрғын үй алуға құқығын жүзеге асыруға қолданыстағы заӊнамадағы құқықтық қайшылықтыӊ бар екендігі болып табылады.

Жоғарыда аталған құқық, 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасыныӊ "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заӊыныӊ 74-бабына сәйкес, жетiм балалар, ата-анасыныӊ қамқорлығынсыз қалған балаларға,, Ұлы Отан соғысыныӊ қатысушыларына және мүгедектігі бар тұлғаларға қарастырылған. Аталмыш заӊға сәйкес, "Алтын алқа" алқасымен марапатталған көп балалы аналар мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге тек көпбалалы отбасылар санаты бойынша ғана үміткер бола алады

Бұл заӊды қайшылықты Астана қаласыныӊ прокуратурасы растап, алайда бұл, Қазақстан Республикасыныӊ "Құқықтық актілер туралы" Заӊыныӊ 12-бабына сәйкес, бір деӊгейдегі нормативтік құқықтық актілердіӊ нормаларында қайшылықтар болған кезде қолданысқа кешірек енгізілген акт нормалары қолданылатынын түсіндірді. Осыған байланысты азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету тәртібімен байланысты құқықтық қатынастар "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заӊыныӊ 74-бабыныӊ ережелерімен реттеледі. Өз үндеуінде Омбудсмен қалыптасқан жағдай, көптеген балалары бар аналармен бірінші кезектегі тәртіппен тұрғын үй алу құқығын іске асыруда сөзсіз екімәнділікті қалыптастыратынына алаӊдаушылығын білдірді, өйткені жергілікті атқарушы органдардыӊ осындай құқықты беруден бас тартуына келіспейтіндіктерін білдіретіндіктен, олар өздерініӊ мүдделеріне заӊ жүзінде бекітілген нормаларын басшылыққа алады.

Мазмұндалған үндеудіӊ мағынасында, аталмыш заӊнаманыӊ нормаларын жан-жақты талдау негізінде тиісті сәйкестікте келтіру қажеттілігі атап өтілді.

Омбудсмен көтерген тағы бір маӊызды мәселе санитарлық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай емес тұрғын үйлер, азаматтарды есепке қоюдыӊ айқын тетігініӊ жоқтығы болып табылады. Қазақстан Республикасы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заӊыныӊ 69-бабына сәйкес, тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайы жоқ Қазақстан Республикасыныӊ азаматтары, егер өздерініӊ тұрып жатқан тұрғынжайы белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп танылады.

Сонымен қатар, ұлттық құқық қорғау мекемесініӊ сұранымына аталмыш тәртіппен жауап берілген Астана қаласы әкімдігініӊ ақпаратына сәйкес, тұрғын үйдіӊ жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келмеуі/сәйкестігін растайтын куәлікті беру бойынша осы уақытқа дейін уәкілетті орган бірде-бір нормативтік актімен айқындалмаған.

Баяндалғанныӊ контекстінде Үкіметтіӊ назары "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊында нақты нормасы бар кезінде оны іске асыру тетігі ұзақ уақыт бойы болмағандығына аударылды

Осы жағдайларға байланысты, Омбудсмен мекемесімен Қазақстан Республикасыныӊ Инвестициялар және даму министрлігімен аталған олқылықты толықтыру бойынша жұмыс жүргізіліп, оныӊ нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ 2017 жылғы 17 ақпандағы қаулысымен тиісті заӊға бағынышты актіге өзгерістер енгізілді.

Бұл өзгерістер қажетті қорытындылар берудіӊ келесі тәртібін белгілейді: 1) санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманыӊ нәтижелері бойынша уәкілетті органныӊ аумақтық бөлімшесі тұрғын үйге арналған санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыныӊ түпнұсқасы беріледі; 2) тұрғын үйді техникалық байқаудан өткізудіӊ нәтижелері бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған сарапшымен тұрғын үйге техникалық қорытындыныӊ түпнұсқасы беріледі.

Сонымен қатар, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесініӊ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды тіркеу бойынша жергілікті атқарушы органдардыӊ қызметіне жүргізілген келесі мониторингі, бұл органдар жоғарыда аталған нормативті өзгерістер туралы хабарланбағанын және тиісінше, олардыӊ тұрғындары белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сәйкес келмейтін жағдайларда азаматтарды тіркеуден бас тартатынын көрсетті.

Бұл мәселені реттеудіӊ қажеттілігі айқын, өйткені қанағаттанарлықсыз өмір сүру жағдайлары азаматтардыӊ денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді.

Бұл тұрғыда Омбудсменніӊ пікірінше құқық қорғау тәжірибесін ескере отырып, тұрғын үй заӊнамасына түгендеу, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардыӊ қызметін тиісті бақылауды жүргізу қажетті болып табылады.

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратыныӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны