09.10.2018, 12:31 3804

Омбудсмен Білім және ғылым министрініӊ назарын балабақшалардағы мәселелерге аударды

Омбудсмен құзырлы ведомствоға тиісті "жол картасын" әзірлеу кезінде мектепке дейінгі білім беру саласындағы қызметті лицензиялауды алып тастаудыӊ жөнділігін жан-жақты талдауды ұсынды.

Астана. 9 қазан. Kazakhstan Today - Омбудсмен Асқар Шәкіров Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке Президент Н.И. Назарбаевтыӊ Қазақстан халқына Жолдауында көтерген мектепке дейінгі мекемелердіӊ қызметіндегі мәселерге байланысты үндеу жолдады.

Мемлекет басшысы баланыӊ тұлға ретінде қалыптасуында мектепке дейінгі кезеӊніӊ маӊыздылығын атап өтіп, балалардыӊ дамуына, балаларға арналған мекемелерде олардыӊ қауіпсіздігі мен мазмұнды тәрбиелеуін қамтамасыз етуге ерекше назарын аударды.

Президент бір жыл бұрын Парламент палаталарыныӊ бірлескен отырысы кезінде әлеуметтік саладағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеӊберінде мектепке дейінгі мекемелер желісін кеӊейтуге шақырды.

Аталмыш саладағы шағын және орта бизнесті дамыту үшін жасалған тиімді жағдайлар жеке балабақшалар санын көбейтуге және мектепке дейінгі жастағы балаларды 2,5 есе көбірек орынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бүгінгі күні 3-6 жастағы балалардыӊ 95 % мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқумен қамтылған.

Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген, бірінші кезекте, жеке балабақшалардыӊ қызмет етуін талдау Мемлекет басшысыныӊ балабақшалар қойылатын талаптарға жеткілікті деӊгейде сәйкес келмеуіне қатысты алаӊдаушылығын растайды.

Аталмыш мәнмәтінде мектепке дейінгі мекемелер персоналыныӊ олардыӊ тәрбиеленушілеріне қатысты қатігез қарым-қатынасы жиілеп кеткен оқиғаларды атап өту қажет. Ол жайлы бұқаралық ақпарат құралдарындағы және әлеуметтік желілердегі видеомен расталған басылымдар, сондай-ақ Омбудсмен мекемесініӊ атына келіп түсетін азаматтардыӊ шағымдары дәлел.

Астана қ. "Асыл" балабақшасында, Алматы қ. "Симба" балабақшасында, Павлодар облысыныӊ Ақсу қаласындағы балабақшасында, сондай-ақ басқа мектепке дейінгі мекемелерде орын алған бірқатар оқиғалар кеӊ ауқымды қоғамдық резонансқа ие болды.

Теміртау қаласындағы балабақшада орын алған зорлық-зомбылыққа қатысты оқиғасы бар бейнежазба отандық БАҚ-та ғана емес, Ресей Федерациясыныӊ орталық телевидениесініӊ эфирінде де талқыланды.

Жоғарыда көрсетілген фактілерініӊ кеӊ ауқымды географиялық және мезгілдік мазмұны балаларға арналған мекемелердіӊ қызметіндегі жүйелі проблемалардыӊ бар болуын және оларды шешу бойынша тиімді шаралардыӊ жоқтығын айқындайды.

Аталмыш мәнмәтінде көп жағдайда балабақшалардыӊ әкімшілігі еш жауапкершілікке тартылмайтыны және өз қызметін бұрынғы режимде жалғастыра беретіні назар аударады.

Ақмола облысында балабақша тәрбиешісінде туберкулезді анықтауына қатысты оқиға жоғарыда көрсетілгенді растайды. Аталмыш факті бойынша Денсаулық сақтау министрлігініӊ Бас санитарлық дәрігерініӊ бұқаралық ақпарат құралдарында келтірген дәйектері проблеманыӊ маӊыздылығына байланысты жеткілікті болып көрінбейді.

Президенттіӊ Жолдауында балабақшалар қызметкерлеріне қатысты біліктілік талаптарын қайта қарау туралы айтылған тапсырмасы өте маӊызды және уақытылы.

Жоғарыда баяндалғанға байланысты, Омбудсмен бейінді ведомствоға тиісті "жол картасын" әзірлеу кезінде мектепке дейінгі білім беру саласындағы қызметті лицензиялауды алып тастаудыӊ жөнділігін жан-жақты талдауды ұсынды.

Бұдан бұрын лицензиялауды жойған нормативтік құқықтық актілерді қабылдау бизнестіӊ аталмыш түрін ынталандырғаны сөзсіз. Алайда қалыптасып жатқан тенденцияға байланысты қоғам үшін зардаптар одан да маӊыздырақ.

Сондай-ақ, бұл мекемелер қызметініӊ ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында азаматтық қоғам өкілдерініӊ тұрақты мониторинг жүргізуініӊ қызметін жақсарту туралы ұсыным берілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдіӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны