11.11.2018, 21:44 4394

Омбудсмен Мәскеуде еуразиялық кеӊістіктегі адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады

Мәскеуде Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров "Еуразиялық кеӊістіктегі адам құқықтарын қорғау мәселелері: омбудсмендердіӊ үздік тәжірибелерімен алмасу" атты халықаралық конференцияға қатысты.

Астана. 11 қараша. Kazakhstan Today - Мәскеуде Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров "Еуразиялық кеӊістіктегі адам құқықтарын қорғау мәселелері: омбудсмендердіӊ үздік тәжірибелерімен алмасу" атты халықаралық конференцияға қатысты.

ТМД елдерініӊ омбудсмендері, бірқатар еуропалық және азиялық мемлекеттер, БҰҰ мен Еуропа кеӊесін қоса алғанда, жетекші халықаралық ұйымдардыӊ өкілдері, сондай-ақ РФ Президент Икімшілігі менФедералдық жиналысыныӊ депутаттары қатысқан Форум Еуразиялық аймақ елдерініӊ ұлттық құқық қорғау мекемелерініӊ әлеуетін және ынтымақтастық бағыттарын нығайту мәселелерін қарастырды.

Күн тәртібінде орын алған пікір алмасу адам құқықтары тұрғысынан, бақылаусыз көші-қон, халықтыӊ заӊсыз айналымы, экстремизм мен кемсітушілік сияқты заманауи қауіп-қатерлерге қарсы тұру арқылы өзекті болды.

Өз сөзінде Қазақстан Республикасыныӊ Омбудсмені жүйелі саяси және экономикалық өзгерістердіӊ, жоғарыда аталған мәселелерді шешуде қоғамдық сананы жаӊғыртудыӊ маӊызды рөлін атап өтті.

Осыған байланысты конференцияға қатысушылар Қазақстандағы конституциялық реформаныӊ мәні туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И.Назарбаевтыӊ бастамасымен жүзеге асырылып жатқан еліміздіӊ ірі ауқымды даму бағдарламалары туралы хабардар етілді.

Конференция қатысушылары ұлтаралық және конфессияаралық келісімніӊ, гендерлік теӊдіктіӊ және адам құқықтары саласындағы мемлекеттік органдардыӊ және азаматтық қоғамныӊ өзара іс-қимылын қамтамасыз етудегі қазақстандық тәжірибеге айтарлықтай қызығушылық танытты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны