23.10.2018, 17:49 4658

Омбудсмен жанындағы үйлестіру кеӊесі пенитенциарлық жүйеніӊ өзекті мәселелерін қарастырды

Үйлестіру кеӊесі Алматы облысыныӊ пенитенциарлық мекемелерініӊ Бас прокурорыныӊ тапсырмасы бойынша жүргізілген тексерудіӊ қорытындысы қаралды, ол сотталғандармен қатыгез қарым-қатынас жасау, мекеме қызметкерлерініӊ заӊсыз іс-әрекеттерін жасыру мақсатында оларға қысым көрсету фактілерін растады.

Астана. 23 қазан. Kazakhstan Today - Астана қаласында ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровтыӊ төрағалығымен Азаптауларға қарсы ұлттық алдын алу тетігініӊ (ҰАТ) Үйлестіру кеӊесініӊ отырысы өтті.

Отырыс барысында шараға сондай-ақ ҚР Бас прокурорыныӊ орынбасары М. Ахметжанов пен ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетініӊ төрағасы А. Базылбеков қатысып, бас бостандығынан айыру орындарындағы адам құқықтарын қамтамасыз етудіӊ өзекті мәселелері талқыланды.

Үйлестіру кеӊесініӊ қарауында Алматы облысыныӊ пенитенциарлық мекемелерініӊ Бас прокурорыныӊ тапсырмасы бойынша жүргізілген тексерудіӊ қорытындысы болды, ол сотталғандармен қатыгез қарым-қатынас жасау, мекеме қызметкерлерініӊ заӊсыз іс-әрекеттерін жасыру мақсатында оларға қысым көрсету фактілерін растады.

Осы мәселеге байланысты Үйлестіру кеӊесі ІІМ басшылығыныӊ алдында кінәлі адамдарды жазалау қажеттілігі туралы мәселені көтерді.

Үйлестіру кеӊесініӊ мүшелері алдын ала болу барысында анықталған фактілердіӊ негізінде түзеу мекемелерінде арнайы құралдарды қолдану арқылы қатыгездік қаупініӊ жоғары факторларыныӊ болуын атап өтті. Осы жағдайды ескере отырып, сотталғандарды колонияларда тінту және этап кезеӊде қабылдау туралы іс-шараларын жүргізуге ҰАТ қатысушыларын тарту тәжірибесін енгізу шешім қабылданды.

Тұтастай алғанда, ұлттық алдын алу тетігініӊ ІІМ ҚАЖК-мен өзара іс-қимылындағы оӊ динамика атап өтілді, бұл туралы пенитенциарлық мекемелер әкімшіліктерініӊ оларға ҰАТ қатысушыларыныӊ кіруіне кедергі келтіретін жағдайлардыӊ барынша азаюы куәландырады.

Осы тұрғыда халықаралық сарапшылармен бірлесіп құқық қорғау органдарыныӊ қызметкерлері үшін тиісті тренингтер өткізу жөніндегі Үйлестіру кеӊесініӊ рөлі жоғары бағаланды.

Отырыстыӊ күн тәртібі шеӊберінде ҰАТ қатысушыларын сапалы іріктеуді қамтамасыз ету, міндетті медициналық сақтандыруды, оныӊ ішінде олардыӊ алдын ала болуды орындауы кезіндегі жазатайым оқиғалардан енгізудіӊ перспективалары, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын аудару мәселелері талқыланды. Осыған байланысты қолданыстағы нормативтік-құқықтық құжаттарға тиісті түзетулер енгізу көзделген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны