28.04.2018, 12:54 7141

Өмірдіӊ әрбір сәтін бағалай білейік...

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ 2016 жылғы 14 қаӊтардағы Жарлығымен 1 наурыз - Қазақстанда Алғыс айту күні болып белгіленген еді. Дегенмен, елімізде тұратын түрлі этностар өкілдері бір-біріне деген құрмет пен адал сезімдерін жыл бойы білдіріп отырса дейміз. Себебі, сол арқылы еліміздіӊ бүкіл халқы арасында сыйластық, татулық, ынтымақ пен бірлік орнайтыны белгілі.

Алматы. 28 сәуір. KazakhstanToday - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ 2016 жылғы 14 қаӊтардағы Жарлығымен 1 наурыз - Қазақстанда Алғыс айту күні болып белгіленген еді. Дегенмен, елімізде тұратын түрлі этностар өкілдері бір-біріне деген құрмет пен адал сезімдерін жыл бойы білдіріп отырса дейміз. Себебі, сол арқылы еліміздіӊ бүкіл халқы арасында сыйластық, татулық, ынтымақ пен бірлік орнайтыны белгілі.

Жалпы, Алғыс айту мерекесі үстіміздегі жылы елімізде үшінші рет атап өтіледі. Сондай-ақ, ол күн елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ құрылған күні ретінде де аталып өтілетіні белгілі. Осыған байланысты Мемлекет басшысы "Алғыс айту күні" туралы өз сөзінде: "Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ құрылған күні - 1 наурызды жыл сайын еліміздегі барлық этностардыӊ бір-біріне мейірбандық танытып, оларды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өтуі әділетті болар еді. Сондықтан да бұл күн бізді бұрынғыдан да жақындастыра түседі. Өйткені, бұл күн мейірімділіктіӊ, бүкіл қазақстандықтардыӊ бір-біріне деген достығы мен махаббатыныӊ жарқын белгісі болып қала береді", - деген еді. Ирине, қазір әлемде мұндай даталы күндер бар. Ол елдер аталған мейрамды әр кезде тойлап жүр. Бірақ барлығыныӊ мақсаты ортақ: ол - береке мен бірлік, адамдардыӊ бір-біріне деген құрметі, ризалық сезімі.

Соған орай, биыл да Алғыс айту мерекесі Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында айрықша атап өтілді. Жуырда Жалпы білім беру пәндері факультеті оқытушыларыныӊ ұйымдастыруымен "Студенттер үйінде" мерекелік іс-шара болып өтті. Онда ұстаздар қауымы шәкірттерге арнап "Мейірімділік дастарханын" жайды. Дегенмен, бұл мереке бір ғана дастарханмен шектелген жоқ. Онда сондай-ақ, түрлі конкурстар, әзіл-ойындар мен викториналар ұйымдастырылып, жеӊімпаздар марапатталды.

Исіресе, бұл мейрамныӊ "Студенттер үйінде" барынша кеӊ аталып өтілуіне С.Садықанова, Ж.Жампейісова, Ж.Маӊғазина және М.Молдабаева секілді ұстаздардыӊ бар ынта-жігерлерін жұмсағандығын айта кетуіміз керек. Сөйтіп, әр ұлт өкілдері бір дастарқанда бас қосқан мерекеде факультет деканы З.Аймағамбетова, ұлағатты ұстаз Б.Абиловалар құттықтау сөз сөйлеп, студенттерге ризашылықтарын айтып, ізгі тілектерін білдірді.

Осыдан кейін шәкірттер санасына білім сәулесін шашып, ғылымныӊ шырағын жағып жүрген ұстаздардыӊ көрсеткен қамқорлықтары мен аялы алақан, жылы лебіздері үшін ризашылығын білдірген студенттер де ән шырқап, би биледі. Осылайша жиылған қауымға ерекше көӊіл-күй сыйлады. Сөйтіп, ұстазы шәкіртіне, шәкірті ұстазына алғыс айтқан осынау кеш барша жиылған қауымға үлкен әсер қалдырды. Одан мәре-сәре болған жұрт қимастықпен тарқасты. Ирі осындай іс-шараларды жиі өткізу дәстүрге айналса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз ғой. Олай дейтінім, алғыс - адамныӊ адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көӊілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ, оныӊ ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру.

Қорыта айтқанда, ризашылық - адамныӊ басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көӊілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдіру сезімі. Ендеше, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы тілек, кіршіксіз сезімдерімізді ешкімнен ешқашан аямайық, "рахмет" деген қасиетті сөзді жиі айтайық. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естен шығармайық. Өмірдіӊ әрбір сәтін бағалай білуге үйренейік және Табиғат-Анаға мейірімді күні үшін, көӊілді жаӊбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпайық достар!

И.ЖАҚЫПОВА,

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясыныӊ оқытушысы

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны