17.11.2006, 18:09 2801

Оң рульды машиналарға тыйым салу бәз біреулердің қитұрқы әрекетінен болып отыр - газет көзқарасы

АЛМАТЫ. 17 қараша. Kazakhstan Today. Қазақстанның қауіпсіздік Кеңесінде оң рульды автокөліктерге тыйым салу туралы қабылданған шешім -қитұрқы әрекеттердің салдарынан болған қадам. Бұл "Караван" апталық газеті тілшісінің бүгінгі мақаласында білдірген көзқарасы.

Естеріңізге сала кетейік, дүйсенбі күні Қауіпсіздік кеңесінің мәжілісінде ҚР ІІМ жол полициясының комитеті мынадай мәліметтер келтірді: бүгінгі таңда Қазақстанда оң рульды 117 мың автокөлік тіркелген. Мұндай көліктерден болған жол апаты кейінгі жылы 2,5 есе, қаза тапқандар саны 3,5 есе көбейген.

"Осы мәліметтер қолдан жасалған жоқ па ?"- деген сауал тастайды "Караван" авторы. "Деректер полицияның сыбайлас жемқорлыққа ең белшесінен батқан бөлімшісінен алынып отыр. Бұл біреулерге қажет болған қитұрқылық емес пе деген ойға жетелейді",-дейді газет.

Жол полициясы жоспардағыдай жарты жылда бір мәрте жапон автокөліктеріне қырғидай тиеді. Бұл базардағы бағаларға да көлеңкесін тигізіп үлгереді. Енді әсер ететін құралды күшейту қажет болғандай. Полицейлердің жолдарда қолдан жасап отырған ережесі осының дәлелі",-деп ой топшылайды автор.

Журналистің пікірінше, егер жол полициясы оң рульды автокөліктерге тыйым салу арқылы ұтқалы отыр. "Жолда тәртіп орнатамыз деген желеумен полицияға пайдаға белшесінен батады. Енді жол тәртіпшілері қара нан тұрмақ, тіпті оған жағып жейтін қара уылдырыққа да ауызы жарып қалады,-дейді мақала авторы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны