03.02.2015, 17:54 3787

Ондаған жаяу жүргіншіні баса жаздаған автобус жүргізушісі жазасын алды

Таяуда бағдаршамныӊ қызыл түсін елемей, жолдан өткен ондаған жаяу жүргіншіні қағып кете жаздаған қоғамдық көлік жүргізушісініӊ ерсі әрекеті жазылған видеоролик Ғаламторға тараған болатын

Рудный. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Таяуда бағдаршамныӊ қызыл түсін елемей, жолдан өткен ондаған жаяу жүргіншіні қағып кете жаздаған қоғамдық көлік жүргізушісініӊ ерсі әрекеті жазылған видеоролик Ғаламторға тараған болатын, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кейін белгілі болғандай, "есі кеткен автобустыӊ" рөлінде 1959 жылы туған ер азамат отырыпты. Оқиға Рудный қаласында Ленин-Кеншілер көшелерініӊ қиылысында орын алған. Ғаламторға жүктелген видеодан анық байқағанымыздай, бағдаршамныӊ қызыл жанғанына қарамастан автобус жол қиылысын кешіп өтіп, жолдан өткен ондаған жаяу жүргіншіні жайпап кете жаздады. Осы әрекеттіӊ куәгері болған "Автомобильный" никті әлеуметтік желі пайдаланушысы видеоны Youtube-ке жүктеп, жол үстіндегі бұзақыны ұстауға көмектесті, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Жергілікті полиция қызметініӊ хабарлауынша, қазір жүргізуші қолға түсіп, оған қатысты "жаяу жүргіншіні өткізбеу" бабы бойынша әкімшілік материал толтырылды, сондай-ақ 10 АЕК немесе 19820 теӊге көлемінде айыппұл салынды, деп жазады "Костанайские новости" басылымы.

Осылайша, виртуалды әлем мен оныӊ шексіз мүмкіндіктері тағы бір заӊбұзушылықты әшкере етіп, тәртіпке бағынбағандарды тәубесіне келтіруге жәрдем болуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны