19.02.2015, 12:58 4431

Ондатра терісі

Қазақ-өзбек шекарасында тұрған қазақстандық шекарашылар ондатра терсін өткізбек болғандардыӊ жолын кесті

Астана. 19 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақ-өзбек шекарасында тұрған қазақстандық шекарашылар ондатра терсін өткізбек болғандардыӊ жолын кесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нақтырақ айтқанда, Сарыағаш шекара отрядына қарасты "Қайрат" заставасыныӊ шекарашылары қызмет барысында заӊсыз жолмен әлдебір затты шекарадан өткізбек болып жүргендерді байқайды. Ал шекара нарядыныӊ жақындап қалғанын байқап қалған белгісіз адамдар қолдарындағы заттарын тастай қашып, көршілес елдіӊ аумағына барып жасырынды.

Белгісіз адамдардыӊ жүрген аумағын тексергенде 5 бірдей сөмке табылды. Шекарашылар табылған олжаны әуелі таразыға тартып салмағын өлшеді - әр сөмке 50 килодан басты. Ақырындап ішін ашқанда скотчпен мықтап оралған ондатра терілері шыға келді. Санап жібергенде 2 580 данаға жетті.

Аталған дерек бойынша Сарыағаш қаласыныӊ құқыққорғау органдары хабарландырылды. Тергеу амалдары басталды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны