24.09.2007, 11:27 1668

Өңірлер бойынша қоршаған ортаға эмиссия жасау төлемінің базалық ставкасын біріздендіру қажет - Мәсімов

Өңірлер бойынша қоршаған ортаға эмиссия жасау төлемінің базалық ставкасын біріздендіру қажет.

Астана. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қоршаған ортаны қорғау министрлігіне өңірлер бойынша қоршаған ортаға эмиссия жасау төлемінің базалық ставкасын біріздендіруді тапсырды.

"Не себепті екені белгісіз, біртұтас мемлекетіміздегі түрлді аймақтар мен кәсіпорындарда қоршаған ортаға жасалған бірдей эмиссияның төлемі әртүрлі болып шықты", -деді Кәрім Мәсімов үкіметте өткен селекторлық жиында. "Ставкаларды біріздендіруге тапсырма беремін", - деді ол.

Өз кезегінде қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Илжан Бралиев "мұндай ахуалдың тарихи қалыптасқанын" атап өтті. "Заңнамаға сәйкес, 1994 жылдан бастап ставкаларды жергілікті атқарушы билік органдары дәйектеп, министрлікке бекітуге беретін болған. Ал Салық кодексіне өзгерістер енгізілуіге байланысты 2005 жылдан бастап базалық ставкаларды мәслихаттар белгілейтін болды", - деп түсіндірді ол. "Алайда, Экологиялық кодекс күшіне енгеннен бері министрлік ең жоғары және төменгі шекті үкіметтің айқындағаны қажет деген ұсынып жасап отыр, бұл аймақтар бойынша ставкалар арасындағы айырмашылыққа жол бермеуге мүмкіндік тудырады", - деді И.Бралиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны