24.04.2015, 20:47 4736

Өӊірлерде су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда

2015 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖ комитетінде өӊірлердегі су тасқыны жағдайы мәселелері бойынша брифинг өткізілді. Спикер болып Комитеттіӊ ресми өкілі Иманқұлов Руслан Юрьевич сөз сөйледі

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖ комитетінде өӊірлердегі су тасқыны жағдайы мәселелері бойынша брифинг өткізілді. Спикер болып Комитеттіӊ ресми өкілі Иманқұлов Руслан Юрьевич сөз сөйледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазіргі уақытта су басқан 2 436 үйден еріген қар суын сору және бұру арқасында 2 288 үйден су шығарылды.

16 200 эвакуацияланған адамдардыӊ су тасқыны басталған кезеӊнен бастап 14 631 тұрғын өз үйлеріне оралды. Эвакуациялау пункттеріне 499 адам орналастырылды,1070 адам туысқандарында қалды.

Ақмола облысында су айдындары жай-күйіне үздіксіз мониторинг жүргізілді. Құтқару құралымдарыныӊ күштері мен құралдары жоғары әзірлік режимінде тұр.

Целиноград ауданыныӊ Ағанас аулында адамдар мен азық-түлікті тасымалдау ұйымдастырылды. Жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары басталды. Ақмола облысыныӊ құтқарушылары тәулік бойы кезекшілік атқаруда.

Талапкер аулында еріген қар суын сору жұмыстары жалғасуда, барлығы 3 980 текше метр сорылды.

Оразақ аулында тұрғын үйлердіӊ маӊын үю және инертті материалдар төсеу жұмысы жүргізілуде. Қосымша 275 тонна инертті материал әкелінді. Инертті материалдар салынған қаптарды дайындау жұмыстары жүргізілуде, барлығы 2 170 қап дайындалды. Осы жұмыстарға құтқару бөлімшелерінен, Ұлттық Ұланнан, жергілікті атқарушы органдар мен тартылған ұйымдардан 116 адам, 11 бірлік техника және 2 қайық қатыстырылды.

Қараөткел аулындағы тұрғын үйлердіӊ маӊын үю және қоршау жұмыстары жалғасуда. Жұмыстарды жүргізу үшін 4 460 тонна инертті материал әкелінді.

Қорғалжын ауданыныӊ Кеӊ бидайық аулыныӊ 12 тұрғыны алдын ала жергілікті мектептіӊ ғимаратына эвакуацияланды. Елді мекенде бөгенді бекіту жұмысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта 350 м бекітілді, инертті материал салынған 1000 қап төселді. Жұмыстарға құтқару бөлімшелерінен, жергілікті атқарушы органдардан және тартылған ұйымдардан 135 адам, 6 бірлік техника және 2 қайық тартылды.

Ақмола облысы автомобиль жолдарыныӊ 5 учаскесінде еріген қар суы ағып жатыр. Зақымдалған учаскелерге апаратын жолдарда ескерту белгілері қойылған. Су ағып жатқан жол бойымен жүретін бөлігініӊ шеттерінде сигнал бағандары орнатылған.

Қарағанды облысында тәулік бойы патрульдеу және су деӊгейін бақылау тоқтатылған жоқ.

Қарағанды облысыныӊ ТЖД Жедел-құтқару жасағыныӊ құтқарушылары Қарой аулына қайықпен адамдарды және гуманитарлық көмек жеткізуді жалғастыруда.

Ақтоғай ауданы Қарасу аулында су деӊгейініӊ төмендеуі байқалды.

Киевка-Жараспай автожолы арқылы еріген қар суыныӊ өтуі тоқтады. Жол төсемдерін қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Киевка кенті мен Қарой ауылы арасындағы көпір су өтуіне байланысты жабық.

Шығыс Қазақстан облысында Бесқарағай ауданы Глуховка ауылында су сору және тұрғын үйлерден еріген қар суын бұру жұмыстары жалғасуда. Орындарда ІІМ бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардан 45 адам мен 8 бірлік техника жұмыс істеуде.

Аягөз және Жарма аудандарыныӊ автожолдарында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Павлодар облысында автожолдардыӊ зақымдалған учаскелерін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл ауданы Корнеевка ауылында құтқару бөлімшелердіӊ күштерімен тасқынға қарсы іс-шаралар жалғастырылуда. Орындарда 10 құтқарушы жұмыс жүргізуде, 2 мотопомпа және 1 қайық жұмылдырылған.

Шал ақын, сондай-ақ Тайынша, Темирязев, Қызылжар аудандары автожолдарыныӊ 4 учаскесінде еріген қар суыныӊ ағуы сақталуда.

Бүгінгі күні республика бойынша автомобиль жолдарыныӊ тасқын сулармен зақымдалған автомобиль жолдарыныӊ 172 учаскесініӊ 122 қалпына келтірілді.

Біріктірілген күштермен 23 138 метр уақытша бөгендер тұрғызылды, 484 878 текше метр еріген қар суы сорылды, 97 217 инертті материалдар салынған қап төселді.

Өӊірлердегі авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарға 6 108 адам, 1 628 бірлік техника, 115 су сорғыш құрылғылар, 99 жүзу құралдары жұмылдырылды.

ҚР ІІМ ТЖК Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны