18.02.2013, 12:51 3458

Өңірлерге 2012 жылы 16 мың телемедициналық кеңес берілді

"Бүгінгі таңда барлық орталық аудан ауруханаларында, 153-тен 148-інде телемедициналық орталық бар, сол арқылы қажет болған жағдайда науқасты емдеуге қатысты кеңестер алу үшін облыстық және республикалық клиникалармен байланыса алады . 2012 жылдың 12 айында 16 мыңнан астам телемедициналық кеңес берулер мен 3 650 видеоконференция өткізілген", - деді С.Қайырбекова.

Астана. 18-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2012 жылы телемедицина арқылы 16 мың кеңес берілген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің үкімет сағатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова.

"Бүгінгі таңда барлық орталық аудан ауруханаларында, 153-тен 148-інде телемедициналық орталық бар, сол арқылы қажет болған жағдайда науқасты емдеуге қатысты кеңестер алу үшін облыстық және республикалық клиникалармен байланыса алады . 2012 жылдың 12 айында 16 мыңнан астам телемедициналық кеңес берулер мен 3 650 видеоконференция өткізілген", - деді С.Қайырбекова.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіше, 2012 жылы ауыл тұрғындарын медициналық көмекпен қамтамасыз ету аясында ауылдық жерлерде 86 нысан салынып, пайдалануға берілген.

Сонымен қатар, көшпелі медициналық кешендер мен "денсаулық пойыздарының" жұмыс жасай бастауы 2012 жылы ауылды елді-мекендердің 600 мыңға жуық тұрғынын тексеруден өткізуге мүмкіндік берді.

Оған қоса, 1,5 млн-ға жуық зертханалық-диагностикалық қызмет көрсетіліп, бейінді мамандардың кеңестері берілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны