12.04.2013, 16:58 8621

Оңтайландырылған ЖОО студенттері басқа оқу орындарына оқуға қосымша ақысыз ауысатын болады

"Білім министрлігі өз тарапынан бұл студенттерге басқа университеттерге төлем және оқу бағдарламасын игеру айырмашылығынсыз ауысуға барынша жәрдем көрсетеді", - деді С.Ерсалиев.

Астана. 12-сәуір. Kazakhstan Today - Оңтайландырылған ЖОО студенттері басқа оқу орындарына оқуға қосымша ақысыз ауысатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстандық оңтайландырылған жоғары оқу орындарының студенттері басқа оқу орындарына оқуға төлем айырмашылығынсыз ауысады, деп хабарлады Рrimeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі комитет төрағасы Серік Ерсалиев.

"Білім министрлігі өз тарапынан бұл студенттерге басқа университеттерге төлем және оқу бағдарламасын игеру айырмашылығынсыз ауысуға барынша жәрдем көрсетеді", - деді С.Ерсалиев.

Сонымен қатар, ол заңнамалық деңгейде оқу орындарының құрылтайшылары ЖОО-ы жабылған жағдайда өз студенттерін басқа оқу орындарына орналастыруға міндетті екенін атап өтті.

Жалпы, ведомство мәліметі бойынша, еліміз бойынша комиссия жұмысы аясында 2015 жылға қарай ЖОО-ын оңтайландыру мәселесі шешіледі. 149 жоғары оқу орнынан шамамен 100-ін қалдыру көзделген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны