15.01.2008, 12:09 1768

"Оңтүстік" аймақтық басқармасының қолбасшысы қаза тапқан шекарашының әкесіне медаль табыс етті

"Оңтүстік" аймақтық басқармасының қолбасшысы қаза тапқан шекарашының әкесіне медаль табыс етті

Шымкент. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ҰҚК Шекара қызметінің "Оңтүстік" аймақтық басқармасының басшысы Талғат Есетов қаза тапқан шекарашы Ерлан Ниязовтың әкесіне "Мемлекеттік шекараны қорғаудағы ерлігі үшін" медалін табыс етті. Бұл туралы агенттікке "Оңтүстік" аймақтық басқармасының кезекші бөлімінен хабарлады.

"Өткен жылдың желтоқсан айының аяғында қазақ-өзбек шекарасындағы Келес өзенінде контрабандашылармен қақтығыс кезінде қаза тапқан шекарашы Ерлан Ниязовты "Мемлекеттік шекараны қорғаудағы ерлігі үшін" медалімен марапаттау туралы бұйрық келді".

Кеше генерал-майор Т. Есетов қатардағы жауынгер Е.Ниязовтың туыстарына хабарласу үшін Ақтөбе облысына барды. Генерал Есетов медальді қатардағы жауынгердің әкесіне табыс етті. Рәсім Шалқар ауданының әкімшілігінде шекарашының жерлестерінің қатысуымен өтті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, шекарашы Е. Ниязов 2007 жылдың 31 тамызында қаза тапқан. Ол Қазақстаннан Өзбекстанға тауар өткізбек болған контрабандашылар отырған салды тоқтатуға әрекет етемін деп жүріп суға батып кеткен. Искердің мәйіті бірнеше күннен кейін табылды.

Е. Ниязов "Сарыағаш" шекаралық заставасының тізіміне мәңгілікке енгізілді. Застава аумағында шекарашылар өз қаржысына қаза тапқан жолдастырының құрметіне ескерткіш тұрғызды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны