09.01.2007, 14:20 3390

"Оңтүстік" арнаулы экономикалық аймақтың басшысы болып Шымкенттің бұрынғы әкімі тағайындалды

ШЫМКЕНТ. 9 қаңтар. Kazakhstan Today. "Оңтүстік" арнаулы экономикалық аймақтың (АЭА) басшысы болып Шымкенттің бұрынғы әкімі Өмірзақ Имет тағайындалды. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыс әкімдігінен хабарлады.

Баспасөз хабарламасында "Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік пен өнеркәсіп департаменті директорының нұсқауымен Өмірзақ Имет 2007-жылдың 4 қаңтарынан бастап "Оңтүстік" арнаулы экономикалық аймақ дирекциясы" мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды",-делінген.

2005 жылы АЭА құрылған сәттен бастап өткен жылдың қазан айына дейін басшылық қызметін Арман Жетпісбаев атқарған болатын. Ол қазір ОҚО әкімінің орынбасары.

Осыған дейін хабарланғандай, "Оңтүстік"АЭА құру туралы шешім 2005 жылы үкіметте қабылданған болатын. 200 га жерді алып жатқан АЭА аумағында иіру-тоқыма кәсіпорнын орналастыру жоспарланған. Соңғы уақытта ОҚО әкімі Өмірзақ Шүкеев арнаулы экономикалық аймақта басқа да кәсіпорындар ашу үшін көлемін ұлғайту қажеттігін айтуда. Атап айтқанда, АЭА аумағында технопарк орналастыру көзделген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны