30.05.2018, 19:54 3640

Оӊтүстік Қазақстан мемлекеттік университетініӊ базасында IT-орталық ашылды

Онтүстік Қазақстан облысы білім басқармасыныӊ мәліметіне сәйкес, 2018 жылы құны 4 млн. 900 мыӊ теӊгені құрайтын, 3200 оқушыны қамтитын 20 сынып, ал 2019 жылы 8100 оқушыны қамтитын 30 ІТ-сынып ашу жоспарлануда. Ол сыныптарда ІТ-орталықтарда білімін жетілдірген мұғалімдер сабақ беретін болады.

Шымкент. 30 мамыр. Kazakhstan Today - "Нұр Отан" партиясы IT-мамандарды дайындау, білім беру саласын жетілдіре түсу мақсатында жаӊа жобалар бастаған. Аталған жоба аясында алдағы үш жылда елімізде жұмыс беруші ІТ-компаниялар мен ірі жоғары оқу орындарыныӊ базасында 20 ІТ-орталық ашылып, жылына 35 мыӊ адамға білім беру жоспарланған болатын.

Онтүстік Қазақстан облысы білім басқармасыныӊ мәліметіне сәйкес, 2018 жылы құны 4 млн. 900 мыӊ теӊгені құрайтын, 3200 оқушыны қамтитын 20 сынып, ал 2019 жылы 8100 оқушыны қамтитын 30 ІТ-сынып ашу жоспарлануда. Ол сыныптарда ІТ-орталықтарда білімін жетілдірген мұғалімдер сабақ беретін болады.

Бүгінде жоспар іске асып, Шымкентте IT- орталықтыӊ ашылу салтанаты өтті. Азаматтардыӊ цифрлық сауаттылықтарын арттыруға, білім беру саласын жетілдіруге бағытталғын IT- орталық "Нұр Отан" партиясыныӊ "IT-мамандарды дайындау" жобасы аясында іске асты. М.Иуезов атындағы Оӊтүстік Қазақстан мемлекеттік университетініӊ базасында орналасқан IT-орталық заманауи 16 компьютер, жоғары жылдамтықтағы интернет, қажетті веб-бағдарламалармен жабдықталған.

- Бүгін алғашқы IT-орталық аштық. Орталықта IT саласына қатысты қажетті ақпараттар, түрлі қызметтер ұсынылып, мамандар оқытылып, жаӊа технологиялармен қамтамасыз етілетін болады. Бұл өз кезегінде халықтыӊ цифрлық сауаттылығын арттырады, - дейді облыс әкімініӊ орынбасары Төлеген Сәрсембаев.

Орталықтыӊ ашылу салтанатына "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы басшылығы, М.Иуезов атындағы Оӊтүстік Қазақстан мемлекеттік университетініӊ ректоры және оқытушалыры, облыстық білім басқармасыныӊ басшылығы, орталықта оқуға келген мұғалімдер, партия филиалыныӊ қызметкерлері және де БАҚ өкілдері қатысты.

- ІТ-орталық халықтыӊ цифрлық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардыӊ әлемдік ірі жобаларға қатысатын бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына жағдай жасайды, - дейді партиялықтар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны