03.10.2016, 09:06 4139

Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімі тыл ардагерініӊ отбасында болды

1 қазан - Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай, облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов тыл ардагері Нина Лычагинаныӊ отбасына арнайы барып құттықтап, сый-сияпат табыс етті.

Шымкент. 3 қазан. Kazakhstan Today - 1 қазан - Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай, облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов тыл ардагері Нина Лычагинаныӊ отбасына арнайы барып құттықтап, сый-сияпат табыс етті, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ардагер апамызға жылы лебізін білдірген өӊір басшысы ісi ізеттілік пен үлгiлі өнегеге толы қадiрмендi қариялардыӊ елге сiӊiрген ерен еӊбектерi ұрпақ санасында мәӊгіге сақталатынын айтты.

Нина Лычагина 1927 жылы Воронеж облысы, Грибанов ауданында туылған. Оқуды бітірген соӊ 1946 жылы Оӊтүстік Қазақстан облысына жолдама алып, мұнда 1946-1960 зоотехник мамандығымен жұмыс істеген. Ал 1974-1986 жылдар ішінде облыстық меминспекциясында ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы болып қызмет етті.

Қария осы жылдардағы ерен еӊбегініӊ арқасында "Еӊбек Қызыл Ту" және "Құрмет белгісі" ордендерімен наградталған. Бүгінде немересініӊ отбасында тұрады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Шымкенттегі "Қазақстан - 2030" салтанат сарайында 1 қазан - Халықаралық қарттар күні мерекесіне арналған мерекелік шара өтті.

Жиында ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов барша ардагерлер қауымын төл мерекесімен құттықтады.

"Сіздерді "1 қазан - Халықаралыққарттар күні" мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке аға ұрпақтыӊ қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн болып табылады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев "Ардагерлер - біздіӊ алтын қорымыз, мақтанышымыз" деп әрдайым өзініӊ ардагерлерге деген құрметін білдіріп отырады.

Сіздердіӊ өмірлік тәжірибелеріӊіз бен ақыл-кеӊестеріӊіздіӊ орны біз үшін қашанда бөлек.

Сіздердіӊ облыстыӊ өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріӊіз үлкен, еӊбектеріӊіз орасан зор, беделдеріӊіз биік",- деді облыс әкімі.

Оныӊ айтуынша, Елбасыныӊ сарабдал саясатыныӊ арқасында ардагерлерге қамқорлық көрсету мақсатында ауқымды шаралар іске асырылуда жіне Мемлекет басшысыныӊ бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалар негізінен халықтыӊ әл-ауқаты мен әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған.

Өӊір басшысыныӊ мәліметінше, облыста 220334 зейнеткер тұрады. Олардыӊ 300 Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлері, 21 мыӊы тыл еӊбеккерлері.

"Біздіӊ ардагерлерге, қарттарға деген құрметіміз тек 1 қазанда ғана емес, барлық уақытта да көрсетіле беретін болады. Бүгінгі таӊда мемлекеттарапынан кепілдендірген төлемдер көлемі жыл сайын артуда. Облыстық және жергілікті бюджеттер қаржысы есебінен де түрлі әлеуметтік қолдаулар ұйымдастырылып келеді. Атап айтқанда, жыл сайын 3 мыӊнан астам соғыс ардагері мен аз қамтамасыз етілген қариялар облыстық басылымдарға тегін жаздырылады,- деді Б.Атамқұлов өз сөзінде.

Оныӊ айтуынша, "Қамқорлық" акциясы шеӊберінде биылдыӊ өзінде 11 мыӊға жуық ардагерге қоғамдық көліктерде тегін жүруге, коммуналдық қызметтерге жеӊілдіктер жасауға жағдай туғызылды.

"Ардагерлерді сауықтыру және олардыӊ денсаулығын бақылау - үнемі назарда. Жыл сайын "Ардагерлер үйі" мен "Мейір" ардагерлер үйінде барлығы 7800 ардагер денсаулығын түзеуге мүмкіндік алған. Осы бағыттағы және басқа да жұмыстардыӊ деӊгейін көтере түсу мақсатында "Қарттарым-қазынам" облыстық акциясын өткізуді ұсынамын. Акция мақсаты Тәуелсіздігіміздіӊ 25 жылдығы қарсаӊында облыстағы ардагерлерімізге жан-жақты қамқорлық шараларын ұйымдастырып, барынша қолдау көрсету болып табылады. Акцияға атқарушы, өкілетті, құқық қорғау органдарын, басқа да ұйымдарды, кәсіпкерлерді, облыстыӊбарлық тұрғындарын қатысуға шақырамын.

"Қарты бар ел - қазыналы ел" дегендей, Сіздер біздіӊ қазынамыз болумен қатар, бағыт-бағдар беретін даналықтыӊ сарқылмас бұлағысыздар. Баршаӊызға мықты денсаулық, көтеріӊкі көӊіл-күй, ұзақ ғұмыр тілеймін!",- деді облыс әкімі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны