19.12.2007, 16:27 2850

Оңтүстік Қазақстан облысы бағбандарының бірсыпырасы мемлекеттік субсидияларын алған жоқ

Оңтүстік Қазақстан облысы бағбандарының бірсыпырасы мемлекеттік субсидияларын алған жоқ

Шымкент. 19 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін". Саябақтар және жүзім өсіруді дамытуға арналған мемлекеттік субсидиялар Оңтүстік Қазақстан облысының барлық бағбандарына жетпеді. Бұл туралы журналистерге ОҚО ауылшаруашылығы департаментінің директоры Қанатбек Оспанбеков хабарлады.

"Бағбандар болжамдағандағыдан әлдеқайда көп бақтарды отырғызған. Сондықтан, бөлінген субсидиялар жетпей қалды" - деді Қ. Оспанбеков.

"Мысалы Ордабасы ауданынында 62 бақшашы субсидияға қол жеткізсе, 121 шаруашылық ақшасыз қалды. Шаруалардың пікірінше, облыстағы қаржыны барлық шаруашылықтар арасында тең бөлу керек еді ", - деді департамент қызметкері.

"Ақшаның ең құрығанда бір бөлігін төлеулері керек еді ғой. Алайда ол істелмеді. Біреулері ақшаны алса, екіншілері құр қол қалды ", - деп есептейді бақшашы Илішер Ибдірахим.

Қ. Оспанбеков түсіндіргеніндей, басында "ауылшаруашылық департаменті үкіметтің бақша шаруашылықтарына арналған бағдарламалардың қаржысын ұлғайтады деп күтті ". "Біз осы мақсаттарға қосымша 360 млн теңге бөлу жөнінде ұсыныстарымызды жеткізген болатынбыз ", - деді Қ. Оспанбеков.

Қазір "отырғызылған әрбір жаңа алма бағының гектарына 402 мың теңге төленсе, бір гектар жүзімдікке бөлінетін субсидиялар 850 мың теңгені құрайды", - деп құлағдар етті департамент директорының орынбасары

Оның ақпараты бойынша, ОҚО 545 гектар жүзімдікке және 115 гектар алма бағына 512 млн теңге бөлінді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны