18.10.2016, 20:06 4256

Оӊтүстік Қазақстан облысы "Кітапсүйер ұлт" республикалық қозғалысына үн қосуда

"Кітапсүйер ұлт" бағдарламасы білім алу мен кітап оқуға үгіттеп қана қоймай, ауыл жастарына өз көкжиегін кеӊейтуге, дамуға мүмкіндік беруді қарастырады.

Шымкент. 18 қазан. Kazakhstan Today - 15 қазан - мектеп кітапханашыларыныӊ төл мерекесі. Бұл күн елімізде жыл сайын аталып өтілуде. Мерекеге орай Шымкент қалалық білім бөлімініӊ басшысы Жанат Тәжиеваныӊ қатысуымен өткен шарада қаланыӊ еӊ үздік 25 кітапханашысы марапатталды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктіӊ сайты.

Кітап пен кітапхана тіршілігіне жан бітіріп, оқырмандар арасын жақындастыра түсетін қызметкерлердіӊ еӊбегі еленіп, алғысқа бөленді. Сонымен қатар "Панорама Шымкента" газетініӊ ұжымы атынан да сыйлықтар үлестірілді.

Ал үздік кітапханашылар балалардыӊ шығармашылық қабілетін дамытуда үлес қосу, түрлі іс-шараларды ұйымдастыра білу, оқушылармен жеке жұмыс жасауда ерекше көзге түсу бойынша іріктеліп алынған. Айта өтейік, облыс бойынша осы салада 1000-ға жуық маман қызмет етсе, оныӊ 129-ы Шымкентте еӊбек етуде.

Ал Otyrar.kz сайтыныӊ хабарлауынша, сондай-ақ, Қазақстанда "Кітапсүйер ұлт" республикалық қозғалысы басталды. Идея авторы - кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасыныӊ орынбасары Нұржан Илтаев Оӊтүстіктегі кітапханаға жомарттық жасады.

Леӊгірдегі орталық кітапхана үшін бүгін - ерекше күн. Кәсіпкерлердіӊ ұлттық палатасы басқарма төрағасыныӊ орынбасары Нұржан Илтаев сый-сияпатын ала келді. Кәсіпкерлер өскелеӊ ұрпақ үшін ауыл кітапханасына жаӊа жиһаз бен кеӊсе техникасын ғана емес, үш тілде жазылған көптеген кітап қорын сыйға тартты.

Раушан Ибдірахманова, әдіскер: "Ирине, біз мемлекеттік тапсырыс аясында қажетті кітап тарды сатып алып отырамыз. Дегенмен, сонда да болса балалардыӊ бар сұрағанын тауып бере алмай жататын кезіміз де болады. Міне, кәсіпкер ағалар кітапханамызға жақсы сый жасап отыр. Рахмет айтамыз."

"Кітапсүйер ұлт" бағдарламасы білім алу мен кітап оқуға үгіттеп қана қоймай, ауыл жастарына өз көкжиегін кеӊейтуге, дамуға мүмкіндік беруді қарастырады. Жергілікті халықтыӊ кәсіпкерлікке бет бұруына баулу да ойдан шыққан емес. Нұржан Илтаевтыӊ айтуынша, бүгінгі таӊда кітап оқу өз құндылығын жоғалтқан жоқ, керісінше, жыл сайын дамып келеді.

Нұржан Илтаев, "Атамекен" кәсіпкерлердіӊ ұлттық палатасы басқарма төрағасыныӊ орынбасары: "Қазір кітап оқу дамып келеді. Бірақ, барлық іздеген дүниеӊді қазақ тілінде табу қиын. Сондықтан, біз менеджмент университетімен бірлесе отырып қазіргі таӊда әлемдегі бизнес нарығында жақсы сұранысқа ие болып тұрған "Көгілдір мұхит стратегиясы" кітабын қазақ тіліне аудардық. Сол кітапты бүгін осында сыйлап отырмыз."

Төле би ауданы орталығындағы шағын кітап орталығынан бастаған Нұржан Илтаев таяуда ауыл кітапханаларыныӊ қорын толық жаӊартуды көздеп отыр. Осыған орай кәсіпкерлер алдағы уақытта тағы бір ауылдыӊ кітапханасына сыйлық жасаймыз деп уәде берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны