21.09.2016, 11:31 4169

Оӊтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында қоғамдық келісімді қалыптастыруға лайықты үлес қосқан азаматтар марапатталды

Алдымен ол Жетісай қаласында Қазақстан халқыныӊ тілдері күніне орай ұйымдастырылған "Тіл мерейі - ел мерейі" атты мерекелік іс-шараға қатысып, қоғамдық келісімді қалыптастыруға лайықты үлес қосқан азаматтарды марапаттады.

Шымкент. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Өӊір тұрғындары арасында бірлік пен біртектілікті нығайту мақсатында Оӊтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасыныӊ орынбасары-облыс әкімі аппараты ассамблея хатшылығыныӊ меӊгерушісі Қалмұратов Мұратәлі Оразалыұлы Мақтаарал ауданына арнайы жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Алдымен ол Жетісай қаласында Қазақстан халқыныӊ тілдері күніне орай ұйымдастырылған "Тіл мерейі - ел мерейі" атты мерекелік іс-шараға қатысып, қоғамдық келісімді қалыптастыруға лайықты үлес қосқан азаматтарды марапаттады.

Сапар барысында М.Қалмұратов этнос өкілдері жиі шоғырланған Жаӊа ауыл, Жаӊажол елді мекендеріндегі мақта алқаптарында жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Ашық аспан астында болған басқосуларда елдіӊ бірлігі мен ынтымағы, этносаралық татулықтыӊ маӊыздылығы және қоғамдық келісімді сақтау жайы кеӊінен сөз болды.

Осы бағыттағы кездесулер 21 қыркүйекте Сарыағаш ауданына қарасты елді мекендерде жалғасаcын табады.

Оӊтүстік Қазақстан облысында республика халқыныӊ 15%-ы тұрады (2011 жылғы көрсеткіш бойынша). Тұрғындарыныӊ орташа тығыздығы 1 км?-ге 18,6 адамнан келеді. Республика бойынша бала туу жөніндегі еӊ жоғарғы көрсеткішке (1000 адамға 22,6 сәбиден келеді) және халық саныныӊ табиғи өсуініӊ еӊ жоғары шамасына (32,5 мыӊ адамнан астам) жетті. Облыс халқыныӊ басым бөлігін қазақтар (70,24%) құрайды, одан басқа өзбек (17,1%), орыс (7,2%), татар (1,2%), әзірбайжан, тәжік, түрік, тағы да басқа ұлт өкілдері тұрады. Мақтаарал, Шардара, Сайрам, Сарыағаш ауданында тұрғындар жиі қоныстанған. Облыс тұрғындарыныӊ 47%-ы қалада, 53%-ы ауылда тұрады.

Оӊтүстік Қазақстан облысы халқыныӊ саны 2015 жылы 2 788 404 адамды құрады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны