21.09.2016, 10:14 4318

Оӊтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданыныӊ Маяқұм ауылдық кітапханасына "Модельді ауылдық кітапхана" статусы берілді

Жалпы ауданда 25 ауылдық кітапхана болса, оларда 276 мыӊ кітап қоры бар. Сонымен қатар, жыл басынан бері сегіз мыӊ кітаппен толыққан. Ал жыл соӊына дейін аталған кітапханаларға 12 мыӊ кітап жеткізіледі деп жоспарлануда.

Шымкент. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Облыстық "Отырар" әмбебап - ғылыми кітапханасыныӊ бастамасымен ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына мәдени тарту ретінде "Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына 25 модельді кітапхана" атты акциясы өз жалғасын табуда, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Аталған акция шеӊберінде Отырар ауданыныӊ Маяқұм ауылдық кітапханасына "Модельді ауылдық кітапхана" статусы беріліп, жаӊа заман талаптарына сай етілді. Шараға облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасынан арнайы өкілдері қатысып, "Маяқұм модельді ауылдық кітапхана" атты сертификатын табыс етті.
"Модельді ауылдық кітапхана" дегеніміз - материалдық базасы нығайтылған, жүйелі түрде жаӊа кітаптармен үзіліссіз қамтамасыз етіліп отыратын рухани орда. Модельді ауылдық кітапхананыӊ мақсаты - ауыл тұрғындарына кітап қорымен қатар технологиялық - ақпараттық қызметтерді тосқауылсыз қолжетімді ету. Осы мақсатта үстіміздегі жылдыӊ қазан айында қосымша Отырар ауданыныӊ Көкмардан және Қоғам елді мекендерінде де модельді кітапхана ашу жоспарланып отыр. Жалпы ауданда 25 ауылдық кітапхана болса, оларда 276 мыӊ кітап қоры бар. Сонымен қатар, жыл басынан бері сегіз мыӊ кітаппен толыққан. Ал жыл соӊына дейін аталған кітапханаларға 12 мыӊ кітап жеткізіледі деп жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны