25.07.2006, 17:34 3145

Оңтүстік Қазақстан облысы шекара маңындағы Бағыс ауылында 12 адам бруцеллезге шалдықты

ШЫМКЕНТ. 25 шілде. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысы шекара маңындағы Бағыс ауылында 12 адам бруцеллезге шалдықты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Соңғы кезде біз 12 адамның сарып ауруын жұқтырғанын анықтадық, олардың екеуі шеттен келгендер. Науқастардың бәрі ауруханаға жатқызылып, тиісті емдерін алды", - деп мәлімдеді ауылдық фельдшер-акушерлік пунктің меңгерушісі Нағима Нұрмұхамбетова.

Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау аудандық басқармасының бастығы Спандияр Оразымбетов агенттік тілшісіне, ауруға шалдыққандардың бәріне диагноз клиникалық тексерулер бойынша қойылғанын хабарлады. "Зертхананың қортындысы жоқ", - дейді ол. С. Оразымбетовтың айтуынша, мал дәрігерлері 510 ұсақ және 460 ірі қара малды тексерген. Екі ешкіден және бір қойдан бруцеллез ауруы анықталып, жануарлар өңдеуге жіберілді. Қазіргі кезде ауылда алдын алу шаралары жүргізілуде.

ОҚО санитарлық эпидемиологиялық департаменті аса қатерлі жұқпалы аурулар бөлімінің бастығы Нұрбек Нышанов жағдайды былай түсіндіреді: "Сарыағаш ауданындағы бруцеллезге қатысты ахуал күрделі деп есептемеймін. Бұл сарып ауруының әдеттегі тіркелуі. Бірақ, аудандық санэпидбасқармасы мен мал дәрігерлері бруцеллез деген күдік туғызған 12 жағдай бойынша эпидемиологиялық және эпизоотиялық тексерулер жүргізіп жатыр. Изірге, індетке айналатындай - бір отбасының сарыпқа шалдыққаны немесе малдардың жаппай ауру жұқтырғаны - байқалған жоқ".

Аудандық санэпидқадағалау басқармасының мәліметіне сәйкес, Бағыс ауылында шамамен 1200 адам тұрады.

Биылғы жылы ОҚО 387 адам сарып ауруына шалдықса, олардың 51-і 14-жасқа дейінгі балалар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны