03.01.2018, 14:20 4850

Оӊтүстік Қазақстан облысы театрларында өткен жылы 35 спектакльдіӊ премьерасы сахналанды

Оӊтүстік Қазақстан облысында өткен жылы 27 мыӊнан астам түрлі деӊгейдегі мәдени іс-шара ұйымдастырылған. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасы мәлімдеді.

Шымкент. 3 қаӊтар. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында өткен жылы 27 мыӊнан астам түрлі деӊгейдегі мәдени іс-шара ұйымдастырылған. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасы мәлімдеді. Мәселен, 2017 жылы 13 халықаралық және 19 облыстық, жалпы клуб мекемелерінде 9 989, кітапханаларда 16602, музейлерде 831 көпшілік іс-шара өткізілген. Оныӊ ішінде "Түркістан - Түркі әлемініӊ мәдени астанасы" жылыныӊ аясында ерекше өткен "Театр көктемі-2017" фестивалі мен ТҮРКСОЙ театр басшылары кеӊесініӊ мәжілісі, "Күлкі жәрмеӊкесі" фестивалі, "ХХ-шы ТҮРКСОЙ халықаралық опера жұлдыздарыныӊ" фестивалі, "Ортеке" қуыршақ театрларыныӊ фестивалін айтуға болады.

Ал облыстаға театрларда отыз бес жаӊа спектакльдіӊ премьерасы сахналанып, жалпы 1782 қойылым көрермен назарына ұсынылды. Сондай-ақ, театр өнер ұжымдарымен сексен тоғыз гастрольдік іссапар ұйымдастырылып, оған 253 мыӊдай көрермен қамтылды.

Сонымен бірге, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда 237 концерт қойылды. Филармонияныӊ "Қазына" би ансамблі мәдениет және өнер саласындағы жетістіктері үшін ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы қоры сыйлығыныӊ иегері атанып, Ресей және Түркияда өткен Халықаралық би байқауларында қазақтыӊ ұлттық билерін насихаттап, Бас жүлде және І орынды иеленді. Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардыӊ жиырма бес жылдығына орай, облысымыздыӊ өнерпаздары Түркияныӊ Анкара, Адана, Мерсин қалалары мен Кечиорен муниципалитетінде өнер көрсетті.

Ал, облыстық орыс драма театры Мордовия Республикасы Саранск қаласында өткен XII Халықаралық "Соотечественики" театр фестиваліне қатысып, лауреат атанды. Облыстық опера және балет театрыныӊ солистері Қырғызстан мемлекетініӊ Бішкек қаласында өткен опера өнерініӊ Халықаралық фестиваліне қатысып, жоғарғы деӊдейде өнер көрсетті.

Есепті кезеӊде "Оӊтүстік-Цирк" мекемесінде 57 қойылым мен іс-шаралар өткізген болса, оған жиырма төрт мыӊға жуық көрермен барған. Астана қаласында өткен Халықаралық "Шабыт-2017" шығармашыл жастар фестивалінде цирк өнері номинациясы бойынша жүлделі III орынды иемденген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны