11.10.2016, 13:16 4113

Оӊтүстік Қазақстан облысы ұстаздары ата-аналармен жұмыс жүргізу бойынша Астанада өткен акцияда түрлі аталымдағы 32 марапатқа ие болды

ҚР Білім және ғылым министрлігініӊ ұйымдастыруымен осы жылдыӊ 10 қыркүйегінде "ХХІ ғасыр ата-аналарыныӊ: "Өз балаӊа үлгі бол!" акциясы жарияланған болатын, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 11 қазан. Kazakhstan Today - ҚР Білім және ғылым министрлігініӊ ұйымдастыруымен осы жылдыӊ 10 қыркүйегінде "ХХІ ғасыр ата-аналарыныӊ: "Өз балаӊа үлгі бол!" акциясы жарияланған болатын, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

1 сынып оқушыларыныӊ ата-аналарына арналған психологиялық- педагогикалық көмек ретінде өткізілген республикалық шараға облыс бойынша 892 мектеп пен орталықтандырылған білім беру мекемесі қатысып, 60 мыӊнан астам ата-ана жұмылдырылды.

Мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту, бала тәрбиесінде мұғалім ғана емес, әке мен ананыӊ рөлін күшейту мақсатында өткізілген акция 7 қазан күні Елордада өткен дөӊгелек үстелде қорытындыланды.

Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдары ішінен озық методикаларды пайдалана отырып, ата-аналармен жұмыс жүргізуде көш бастаған Оӊтүстік мұғалімдері түрлі аталымдағы 32 марапатқа ие болып, Оӊтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы еӊ үздік білім беру ұйымы болып табылды. Сонымен қатар, Астана төрінде Шымкент қаласындағы №83 орта мектеп ұжымыныӊ ата- аналармен жиын үлгісі көрсетілді.

Бұдан бұрын да хабарланғандай, Білім беруді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2015 жылы атқарылған жұмыстар мынадай болды:

Мектепке дейінгі ұйымдармен қамту бойынша 2015 жыл басынан бері 36 мектепке дейінгі ұйымдар іске қосылып, нәтижесінде жалпы саны 1 452 бірлікке жетіп 157,5 мыӊ бала мектепке дейінгі біліммен қамтылды. Оныӊ ішінде балабақшалар 900 жетті, ал оныӊ 560 - жекеменшік есебінен. Нәтижесінде, мектепке дейінгі ұйымдарға 3-6 жастағы балаларды қамту көрсеткіші 77,5% құрады.

Жыл соӊына дейін 95 балабақша пайдалануға беріліп, қосымша 12 000 бала мектепке дейінгі білім берумен қамтылып, қамту көрсеткіші 80%-ды құрайтын болады.

Оӊтүстік Қазақстан облысы республика көлемінде бірінші болып балабақша жүйесін мемлекеттік жекеменшік әріптестік шеӊберінде кеӊейтуді қолға алған. Бұл бағыт бойынша 617 ұйымда 61 мыӊнан астам бала тәрбиленуде.

А.ж. 101 білім нысаныныӊ құрылысына жалпы 23,6 млрд. теӊге бағытталып, нәтижесінде алты айда 29 нысан іске қосылды, жыл соӊына дейін 38 нысан пайдалануға берілетін болады.

"Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша Ұлттық қордан 2,7 млрд. теӊгеге 10 нысанныӊ құрылысы жүргізілуде.

Облыстағы 48 апаттық мектептіӊ мәселесін шешу бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып, нәтижесінде 2014 жылы 2 мектептіӊ құрылысы аяқталса, 29-ныӊ құрылысын ағымдағы жылдыӊ соӊына дейін тапсыру жоспарланған. Бүгінгі таӊға 14 мектеп пайдалануға берілді, жыл соӊына дейін 15 мектептіӊ құрылысы тапсырылады. Ал қалған 17 мектептіӊ (оныӊ ішінде 11 мектептіӊ құрылысы басталған) құрылысын жоспарлы түрде 2016-2017 жылдары аяқталатын болады;

Үш ауысымдағы 25 мектептіӊ, біреуі 2014 жылы пайдалануға берілген болса, ағымдағы жылы 3 мектептіӊ құрылысын 1 қыркүйекке дейін тапсыру көзделіп отыр. Қалған 21 мектептіӊ (оныӊ ішінде 9 мектептіӊ құрылысы басталған) құрылысын 2016-2017 жылдары аяқтау жоспарлануда.

Облыста 6,7 млрд. теӊгеге 95 білім нысаны күрделі жөндеуден өтуде (2014 жылы 135 нысан 9,2 млрд. теӊге).

Жыл сайын жалпы мұғалімдердіӊ 25% біліктілігін арттыру курстарынан (2 910 мұғалім деӊгейлік курс, 8 705 мұғалім қысқа мерзімді курстар) өтіп отырады.

ҰБТ қорытындысы бойынша облыстыӊ орта балы өткен жылдан көтеріліп, 78,7 балды құрады (2014 ж. - 74,5 балл). Республикадағы еӊ жоғарғы 125 балды жинаған 5 бітірушініӊ біреуі облыстыӊ түлегі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны