11.10.2016, 08:30 4592

Оӊтүстік Қазақстан облысыда "Біз біргеміз!" атты қайырымдылық акциясы өтті

Кеше Шымкент қаласында "Біз біргеміз!" қайырымдылық акциясы өтті.

Шымкент. 11 қазан. Kazakhstan Today - Кеше Шымкент қаласында "Біз біргеміз!" қайырымдылық акциясы өтті. Мүгедектердіӊ тұрмыс-тіршілігін жақсарту және оларға көмектесу мақсатында ұйымдастырылған шарада облыс әкімі Жансейіт Түймебаев акцияға белсене қатысып, демеушілік жасаған жомарт азаматтарға алғысын білдірді, - деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

"Тағдыры ерекше адамдар - біздіӊ қоғамныӊ толыққанды мүшесі. Олардыӊ көпшілігі талантты, білімді, іскер, өнерлі жандар. Сондықтан олардыӊ көбісі қатардағы азаматтан артық болмаса, қабілет жағынан төмен емес. Конституцияға сәйкес мүмкіндігі шектеулі азаматтар мемлекеттіӊ барлық азаматтарымен теӊдей құқықтары бар. Сол себептен, біз осы отандастарымызға барынша қолдау жасап, үнемі жағдайын жақсартып отыруға тиіспіз",-деді аймақ басшысы.

Бүгінгі іс-шараға облыс прокуратурасы ерекше үлес қосып, демеушілерді ұйымдастыруда белсенді болып, азаматтық танытты. Ұйымдастыру шараларыныӊ бастамашысы болған Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ прокуроры Ибраһим Иманов барша акцияға қатысушыларға алғысын білдіріп, демеушілік жасаған азаматтарға облыс прокуроры атынан Алғыс хат табыстады.

Бүгінгі таӊда облыста 112 мыӊнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат тұрса, олардыӊ 26,7 мыӊыныӊ тірек-қимыл аппараттары бұзылған. Оныӊ ішінде 8,5 мыӊы арнайы жүріп-тұру құралдарымен (қол арбада) қозғалады, ал 16,4 мыӊ азаматтыӊ көру және есту қабілеттері жағынан мүгедек азаматтар.

Осы жылдыӊ сәуір айынан бастау алған "Біз біргеміз!" атты акция аясында қоғамдық нысандардыӊ 403-не пандустар салынып, дыбыс және жарық беретін 44 бағдаршам орнатылды. Ал 51 жерге арнайы жол белгілері мен көрсеткіштері қойылды. Сондай-ақ, 13 автотұрақ салынып, 1072 жеке кәсіпкерлермен 42 млн. теӊгеге меморандумдар түзілді. Осы акция шеӊберінде 370 мүгедек азамат жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар, осы күні демеушілер тарапынан төрт би қоларбасы Мүгедектер спорт мектебіне тапсырылса, 14 азаматқа медициналық көмек алу үшін 140 мыӊ теӊгелік сертификаттар мен дәрі дәрмектер пакеті тапсырылды.

Аталған акция жыл соӊына дейін жалғасын тауып, бұл бағыттағы жұмыстарға белсене қатысу үшін Үндеу жарияланды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны