22.09.2016, 12:07 3954

Оӊтүстік Қазақстан облысына алдағы жылыту маусымына 105,9 мыӊ тонна қатты отын мен 27 мыӊ тонна сұйық отын қажет

Оныӊ айтуынша, өӊірдегі 3272 бюджеттік мекеменіӊ 99 пайызы маусымға дайын болса, орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін 2278 көпқабатты тұрғын үйлердіӊ 89 пайызына жылу беруге болады.

Шымкент. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында жылу маусымына дайындық жұмыстары кестеге сай жүруде, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Бұл туралы бүгін ОҚО аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасыныӊ басшысы Марғұлан Марайым облыстыӊ 2016-2017 жылдардағы жылу маусымына дайындығы бойынша жасаған баяндамасында хабарлады.

Оныӊ айтуынша, өӊірдегі 3272 бюджеттік мекеменіӊ 99 пайызы маусымға дайын болса, орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін 2278 көпқабатты тұрғын үйлердіӊ 89 пайызына жылу беруге болады. Ал облыс орталығы - Шымкенттегі дайындық 86 пайызды құрап отыр.

"Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ететін мекемелердегі жалпы қазандықтар саны 48. Олардан бүгінгі күнге дайындалғаны 46 (96%). Бұл жерде тек ТЭЦ-3 - 1 қазандық және ТЭЦ-5 - 1 қазандықта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуге байланысты бітпей отыр, талапқа сәйкес 1 қазанға дейін толық аяқтау тиіс, жұмыстар жүргізілуде", - деді басқарма басшысы.

Баспасөз жиынында спикер облысқа 105,9 мыӊ тонна қатты отын мен 27 мыӊ тонна сұйық отынныӊ қажеттігін айтып, бүгінгі таӊда тасымалдау жұмыстары кестеге сай атқарылып жатқанын жеткізді.

Марғұлан Марайым жылу маусымын ойдағыдай өткізу үшін Шымкенттегі 44,3 шақырым жылу құбырларына қайта құру және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ретке келтірілгенін хабарлады. Сондай-ақ, ол жылу маусымына дайындық жұмыстары 15 қазанға дейін жалғасып, кескеге сай толық дайын болатынын айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны