12.12.2016, 12:25 4293

Оӊтүстік Қазақстан облысына Татарстан Республикасыныӊ астанасы - Қазан қаласынан айрықша сый жетті

Жансейіт Түймебаевтыӊ Шымкент қаласын жасыл қалаға айналдыру идеясы туралы арнайы сюжетті республикалық "Хабар" телеарнасынан көрген аймақ басшысыныӊ Қазан шаһарындағы достары игі іске үлес қосып, тамшыдай көмек ретінде көгілдір шырша ағашы көшетініӊ 120 данасын сыйға тартты

Шымкент. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today - Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтыӊ Шымкент қаласын жасыл қалаға айналдыру идеясы туралы арнайы сюжетті республикалық "Хабар" телеарнасынан көрген аймақ басшысыныӊ Қазан шаһарындағы достары игі іске үлес қосып, тамшыдай көмек ретінде көгілдір шырша ағашы көшетініӊ 120 данасын сыйға тартты, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Биіктігі 4-5 метр болатын жас шырша көшеттері, негізінен, әкімшілік-іскерлік орталығыныӊ маӊына, атап айтқанда, әкімдік пен "Түркістан" салтанат сарайы, Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық драма театрыныӊ айналасына егілді.

Қылқанжапырақты өсімдіктердіӊ еӊ әдемісі болып табылатын көгілдір шырша ағашыныӊ отаны Солтүстік Америка болып саналады. Десе де, аталған жасыл желек түрі әлемніӊ басқа да елдерінде өсе алады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев қызметіне кіріскелі Шымкентті жасылдандыру мәселесін ерекше назарға алып, барған жерініӊ бәрінде осы туралы сөз қозғап жүргені мәлім. Мәселен, өткен айдыӊ басында Қазығұрт ауданындағы "Жасыл желек" мемлекеттік мекемесініӊ жұмысымен танысып, тұқымбақтағы көшеттерді аралап көрген кезде 100 мыӊ ағаш көшетін алуға ниет білдірген.

Үш учаскелік бөліктен тұратын 60 гектар тәлімбақта бүгінде 3,5 млн. түптен астам ағаш көшеттері бапталуда. Осындағы жұмыстардыӊ жайын баяндаған облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасыныӊ басшысы М.Отаршиев тұқымбақта қылқан жапырақты, декоративті, жеміс ағаштары мен бұталардыӊ 40-тан астам түрі егілгенін жеткізді. Сондай-ақ, ол тұқымбақтағы өсіріліп жатқан сеппе және тікпе көшеттерге тұрақты түрде күтіп, баптау жұмыстары жүргізілетінін және сұранысқа ие көшеттердіӊ түрлерімен толықтырылып отыратынын айтты. Мәселен, биыл мекеме тұқымбағында 912 мыӊ түп өскін жаӊадан отырғызылған.

Басқарма басшысын мұқият тыӊдаған облыс әкімі осындағы қылқан жапырақты және декоративті ағаштардыӊ биіктігі 2,5 метрден асатын сұрыптарын Шымкент қаласыныӊ орталығындағы 26 көшеге отырғызуды тапсырды.

"Өздеріӊіз білесіздер, халқы көп Шымкент қаласында тиісінше, автокөліктердіӊ саны да тығыз. Сондықтан экологияны сақтап, табиғи балансты реттеу үшін Шымкентті жасыл қалаға айналдырып, атына лайықты етуіміз керек. Шаһардыӊ көркіне сән беретін түрлі декоративті ағаштардыӊ санын көбейту үшін осы тұқымбаққа жаӊа көшеттерді егу керек. Шымкенттіӊ көгалдандыру жұмыстарына тиісті сала мамандары бірауыздан жұмылдыруды жүктеймін",-деді әкім.

Шымкенттіӊ көгалдандыру жұмыстарына ерекше мән берген аймақ басшысы бұл мәселені жеке бақылауына алатынын ескертіп, алдағы уақытта қалада бірнеше шағын бақтар (скверлер) салынатынын жеткізді.

Басқарма басшысыныӊ айтуынша, "Жасыл желек" тұқымбағынан қалада отырғызуға сай келетін шамамен 100 мыӊ ағаш көшетін алуға болады.

Мекеме құрылған 11 жылда тұқымбақтыӊ егіндік бөлімшелерінде 3-4 млн. дана аралығында қылқан жапырақты, декоративті, жеміс ағаштары мен бұталардыӊ 40-тан аса түрі өсіріліп, облыстағы мемлекеттік мекемелер мен халықтыӊ сұранысын қанағаттандырған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны