14.10.2008, 15:58 2653

Оңтүстік Қазақстан облысына жыл басынан бері екі мыңнан аса оралмандар отбасы көшіп келді

Оңтүстік Қазақстан облысына жыл басынан бері екі мыңнан аса оралмандар отбасы көшіп келді

Шымкент. 14 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысына жыл басынан бері екі мыңнан аса оралмандар отбасы көшіп келді, бұл жылдық квотаның 70% құрайды. Бұл тьуралы агенттік тілшісіне Көші-қон комитетінің ОҚО департаментінің көші-қон саясатын жүзеге асыру бөлімінің бастығы Самат Алтынбеков хабарлады.

С. Алтынбековтың айтуынша, 2008 жылға алыс-жақын шетелдерден 3162 қазақ отбасын алуға квота бөлінген. "Бүгінгі жағдаймен 2 210 отбасы келді. Көшіп келген адамдардың жалпы саны 14 385 адам болды. Оралмандар тиісті жәрдемақыларын алып орналасты", - деді С. Алтынбеков.

Облыстық департамент мәліметінше, 1991 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облысына 156 мың адам тұрақты мекенденуге көшіп келді. Олардың 88% - Өзбекстаннан, Тәжікстаннан - 5,2%, Түрікменстаннан - 1,9%, Ираннан - 1,5%, Ресейден - 0,7%. Монғолиядан небәрі 12 отбасы көшіп келген. Сонымен бірге Ауғанстан, Қырғызстан, Қытай мен Түркиядан аз отбасылар бар.

20 мың адамның тұрақты жұмысы бар, 9 600 адам - жұмыссыз, 52 мыңдай адам ауылшаруашылығы саласында немесе жеке кәсіпкерлікпен шұғылданады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны