21.07.2008, 18:35 2979

Оңтүстік Қазақстан облысынан Өзбекстанға ұн тек автокөлікпен ғана экспортталуда

Оңтүстік Қазақстан облысынан Өзбекстанға ұн тек автокөлікпен ғана экспортталуда

Шымкент. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының ұн тасымалдаушылары Өзбекстанға ұн экспорттау үшін темір жол вагондарын ала алмай отыр. Сондықтан да тауарды автокөліктермен жеткізуде, деп "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстық "Астық өнімдері" ұн тасымалдаушылар қауымдастығының баспасөз хатшысы Райхан Нығмаділова хабарлады.

"Біз 6 шілдеден бастап темір жол вагондарын алған жоқпыз. Ұнды автокөліктермен тасудамыз. Бұл қымбат әрі жұмысы көп. Бірақ, басқа жол жоқ. Алғашында шекарада тығын да қалыптасты. Қазір біраз қалпына келді", - деп хабарлады Р. Нығмаділова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны